Әлеуметтік желіде неге адамдар әртүрлі?

Менің әлеуметтік желідегі пайдаланатыным фейсбук, в контакте және @mail.ru. 3-еуінде үш түрлі адамдар отырады ма, әлде басқа адам отырады ма? Әйтеуір үшеуінің мінезі ұқсамайды.
Блог - ZhenisbekRismambetov: Әлеуметтік желіде неге адамдар әртүрлі?

Фейсбук бұлар ашық мінезді, достық жіберсең, қабылдайды. Сосын парақшаңа, суреттеріңе ашық пікірін білідіріп, ұнайтын таңба басып жатады. Онысы өзіңе де жақсы ғой, парақшаңа достарың кіріп ой-пікірлерін бөлісіп отырса. Емін-еркін пікіріңді білдірген жақсы емес пе? Жалпы активный.
Блог - ZhenisbekRismambetov: Әлеуметтік желіде неге адамдар әртүрлі?
Вконтакте бұл енді алдыңғы ӘЖ мүлдем ұқсамайды (бұл жерде тек қана менің көзқарасыммен қараңыз) Араласқым кеп достық жібергенмін, артынан мынадай мәтіндегі хаттар келді. Барлығын емес негізгілерін жазайын: "Мы знакомы?", "Сен кімсің?", "Салам брат танымадым?", «Сәлеметсіз бе, неге достық жібердіңіз?», "Братан, мені танисың ба?", "Кімсің?" негізгілер осы. Достық қабылдайтындары болады, бірақ, фейсбуктегідей пікір білдіріп, лаик басып жатқандар некен саяқ. Бір қыздың әдемі түскен суретіне лаик басқанмын, артынан жекеге мынадай хат жазды: "Мені танисыз ба, неге лаик басасыз?" деген ұрыстар естідім. Бұдан кейін біреуге коментарий жазып, өзің блог жазып біреуді ой бөлісуге шақыру, жазбаса да түсінікті дүние. Осындай сұрақтарды оқығанда біртүрлі болып қалады екенсің. Бала кезіңде басқа мектепке ауыстырып немесе басқа қоғамның арасына жалғыз келгенде үйренісе алмай жүресің ғой, дәл сондай жағдайды бастан кештім бе деп ойлап қоям. Бірдеңе десең ұрысып тастайды, сосын амал жоқ ешкімге лаик та, пікірде білдірмейтін болдым. Анам айтушы еді, «Ең жаман мінез — ішіне дымын сақтайтындар» деп. Блог - ZhenisbekRismambetov: Әлеуметтік желіде неге адамдар әртүрлі?Ішіне дымынсақтап, ешкімге ештеңе айтпау вконтакті пайдаланушыларының ұстанымы солай шығар. Не болса да, сынап ӨЗ СӨЗІМДІ жаздым! «Сын айтылмай, мін түзелмес» деген сөз бар. Мен үшін бұл ӘЖ пассивный.
Блог - ZhenisbekRismambetov: Әлеуметтік желіде неге адамдар әртүрлі?
Майл.руоның қосымшасы АГЕНТ ол нағыз жеңіл сөзді деседе болады. Біреу ішкен-жегенін, екіншісі малын іздеп: "Халайық, ала сиыр көрдің ба?" деген жазуды да байқадым. Как будто сиыр, ешкілері де агентте отыратындай. Кейбірі: бір текстті жазып, 3 минутта 100 адамға таратсаң бақытыңды бүгін табасың дегенді өте көп жазады. Кеше ғана, 2000 жылғы інішек блогына: «Алиямен ким журип жатыр», "Алия сенимен мен журем", "ким менимен журеди, шын айтам сонына дейин бирге..." дегенді блогына әшкерелеп жазған. Бұнысына сын айтудың керегі шамалы. Меніңше агент сауатсыздар мекені секілді. Майл.ру дамымай қалғаны соншалық қарапайым қазақша әріптерде енбейтінен байқауға болады. Соңында айтарым, сауатсыз болмай, активный болайық!

14 пікір

Daniyar_Zhanys
Вк тек лайк басып, жекеде сөйлесу ғана меніңше. Фб универсал ғой
Aidar95
Әр әлеуметтік желі әр адамға әртүрлі әсер етеді. ВКда достық жіберіп, оны қабылдап, кейін «таныспыз ба?» деген хабарламалар келген. Бірақ суреттеріне лайк басқаныма әңгіме айтқан емес :)
ZhenisbekRismambetov
иә, Дәке, фейсбук африкадада ФЕЙСБУК болып тұр!
Saryqazaq
Универсал. Бірақ соңғы кезде мой мир мен вк-ға еліктеп жүр ма, бірдеңе
ZhorabekZubaira
Бәрінен Фб жақсы…
kazakhstan
Мен твитер мен агенттемін сосын вк
ZhenisbekRismambetov
Онда сіз 3ші ұстаным бойынша жүреді екенсіз. ;))
kazakhstan
Жок, мен озимнин устанымыммен журем. Сосын маган пост унаган жок!!!
azhar_94
жалпы, әркімнің таңдауына сосын мінезіне байланысты ғой бәрі…
ZhenisbekRismambetov
Ажар, негізі қайсы әлеуметтік желі сізге ыстық немесе өзіңізге жақын?
MeihuaZheng
Өлдім күлкідеп, оқып отырып )))
маладец, афтар!
ZhenisbekRismambetov
Мен әзілдеп емес, сынап жазып едім, егер әзілдеп жазған болсам, қайтер екенсіз...?

Пікір қалдыру