Мен көрген түрік сериалдары

Шыны керек, түріктің сериалдарын көріп өстік. Бұл жазбамда мен көрген түрік сериалдары жайлы айтқым келіп отыр. Бәлкім, сіздер де көрген шығарсыздар. Ең алғаш көргенім түріктің «Асау жүрек» атты телесериалы болатын. Жарықтық, марқұм әжем осы Юсуфты (Кенан Имерзалиоглы) ерекше жақсы көретін. Юсуф басталса бар шаруасын тастап көкжәшіктің алдына кеп отыратын, онымен бірге біз де қасына жайғасатынбыз. Ол кезде қазіргідей пультпен басқарылатын цветной теледидарлар жоқ, болса да бізге әлі жете қоймаған. Есімде, біздің үйде төбесінен ұрмаса көрсетпейтін «Весна» деген ескі теледидар болатын. Байғұсты ұра-ұра қол ауыратын. Еее, сол «весна» қанша ұрсаң да қыңқ етпейтін еді ғой. Әлгінің канал ауыстыратыны сынып қап кемпірауызбен бұрап ауыстырып жүрдік. Кейде көрсетпей қанымызды ішетін еді. Содан не керек, сол Асау жүрек басталар уақытта өрістен мал да келе жататын. Қойлар маңырап, сиырлар мөңіреп арт жақтан малдың дауысы құлақты жарып жатса да кино бітпей тұрмаймыз. Мектепте, үй жақта балалар бәріміз Юсуф боп ойнайтын ек. Бірі Юсуф, бірі Сабри, енді бірі Иылмаз болатын. Сондағы Аға бей, Торғай Атажан, Сабаш Доған деген кейіпкерлер болушы еді ғой. Олар да керемет еді, шіркін...Әсіресе, Торғай Атажанның қитұрқы әрекеттері есімде әлі.

Торғай Атажан деген міне

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Сол бала кездегі қаһарманым Юсуф болатын.

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Одан кейін мейірімге толы «Отбасы тауқыметі » (Семейные узы) деген керемет киноны көрдім. Ана Нұрхаяттың тартқан тауқыметі хақында.

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

"Қыналы қар"… Бұны көрмеген қазақ жоқ шығар. Қаладағыларды қайдам, ауылдағылардың бәрі көрді. Мына теректі айтсайшы ондағы.

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Али мен Назар…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Жаппар төрееее…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

«Бериванды» кім көрді?! Оны да көпшілігіңіз көрген шығарсыздар.

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Ферхат төре мен Бериван…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Беривандағы Дуран ғой мынау

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

«Көкжалдар мекені» (Долина волков) бұл бір сұмдық кино еді ғой…
Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Полатты білмейтін адам жоқ шығар…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

«Ащы өмір» «Горькая жизнь) деген сериалды сол баяғы Юсуф ойнайтын болғасын көргем. Беріліп көретін едік…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Нерминге қосыла алмай кетеді ғой байғұс…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Ah gulum, beyaz gulum…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

»Мың бір түн" дегенде атына қызығып қарағам, баяғы «Мың бір түн» ертегісіндей ме екен деп. Бірақ түріктер өздерінше түсіріпті. Бұл да ұнады…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Онур мен Шехрезат…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Бұл екеуі шын өмірде отау құрыпты деседі…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары
Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

«Маусым түні» (Июньская ночь)…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Байрам мен Хавин…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Соңғысы «Дениз»… Ауылдағы бір ағамыз айтыпты дейді ғой: «Біз не көрмедік, Денизді де көрдік» деп. Сол сияқты Денизді де көрдік. Көре-көре жалықтық. Бітіре алмадық. Сосын құрысын дедім. Әйтпесе Денизбен бірге жастығым өтіп кететін түрі бар еді. Бітпеді ғой шіркінің… Денизге кеткен уақыт-ай…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Мәрт пен Дениз…

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Мачо Мелихті қалай ұмытайық… «Пелииин, қонжығым-ау, қайда кеттің...)))»

Блог - ZhandarbekZhumagulov: Мен көрген түрік сериалдары

Бәрін айт та бірін айт, мен қызыға көрген түрік сериалдары осы екен. Бұл сериалдар барлығыңызға таныс болғандықтан олар туралы ашып жазуды қажет деп таппадым. Суреттердің өзі сол кездерді көз алдыңызға әкеледі ғой. Сол суреттер арқылы өткен шаққа саяхат жасадым.

Бұрын қараған шығармыз, ал бірақ қазір сериал көру қажет емес. Бұл дегеніміз уақытты текке құрту ғана. Оданда пайдалы кино көр 1-2 сағаттық. Солай дейміз ғой біз. Бірақ ауылдағы апаларымызға бәрібір. «Денизді» бітіріп қазір «Келінді» көріп жатыр, және жібермей көреді ғой. Анандимен бірге қартаятын шығар… кім білсін…

Амандықта болайық!..

27 пікір

Zhanaidar
Ия бауырым… Суреттерді көріп отырып сол кездер көз алдыма келді. Қазіргі балдарға «Весна» деген теледидар болды десең сенер ме екен… Бірақ сондай теледидар көрген біздер бақыттымыз-ау… Мына түрік сериалдарының кейбіреулері жақсы бәрі емес. Мысалға «Көкжалдар мекенін» көруге болады. Өзіміз ықыласпен көргесін бе ыстық боп көрінеді екен. Ауылдағы әжелеріміз, апаларымыз Анандимен қартайса қартаятын шығар. Сол сериалдардың қарап отырсаң түк те пайдасы жоқ, елдің санасын улау, мәдениеттерін сіңдіру. Үндістер мәдениетті үйретпей-ақ қойсын. Түріктердің де қазіргі сериалдары тым жасанды, бірсарынды, сендірмейді. Кәрістерің де сол. Осыларды неге көрсете береді екен, бұған тосқауыл қоятын адам бар ма өзі?!
AmanzhanAdilzhanov
Ей, қортық, шемешке шағасың ба??
Nurshat
әйел адамдар сериалдағы кейіпкерлерімен қосыла жылап, іштерін босатып алатын шығар мүмкін, ерлері олардың «проблемасын» түсіне бермейді ғой. Ал жігіттерге сериал қараудың түкке қажеті жоқ, тым ұсақ етіп, тар ойлайтын етеді меніңше. «Көкжалдар мекені» ғана көруге тұрарлық, саяси оқиғалары әбден шынайы, саяси сауат ашуға болады.
ZhandarbekZhumagulov
Нұршат, апаларымыздың сериалмен қоса жылауын көргем көзіммен, көріп таңғалдым. Бір жағы сенің пікіріңмен де келісуге болады, ия, ерлер қауымы олардың ішкі сырымен бөліспейтін де болар. айтарым, сериалдың да қарайтындары болады, қарамайтындары болады. Соларды ажырату керек. Мысалы «Келінді» көрудің мүлде қажеті жоқ. Біздің «келін» қандай үндістердің «келіні» қандай?! Айырмашылығы жер мен көктей. Қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
ERNUR
Листопад кім көрді?
ZhandarbekZhumagulov
«Листопадты» тиіп-қашып көрген екем…
pos
Жақсы көретін сериалдарымның бірі, екі қайтара көрген шығармын
NazerkeLabikhan
Сериал деген құмар ойын сияқты ғой бір бастасаң соңына жетпи қоймайсың.
ZhandarbekZhumagulov
Назерке, рас, рас!
ZhandarbekZhumagulov
Жанайдар бауырым, біз көрген түрік сериалдары ыстық өзімізге. Қазіргі сериалдар шынымен жалықтырып жібереді… Апаларымыз қалай көреді екен дейм да. Ал енді, тосқауылды үкімет тарапынан қоймаса кім қоятынын білмедім. Бұл сериалдар арзан тұратын болғасын сатып ала беретін болар біздікілер. Әйтеуір айналдырып бере береді, бере береді. Бір жағынан апаларымыз сериал көрмегенде не көреді деген ойға берілесің. Басқа көретін дым қалмады ғой…
stycamen93
Осы сериалдар онсыз да жатып алып, шәй ішіп, өсек соғуға құмар қазақты, одан әрі еріншектікке жетеледі… жұмысын асығыс-үсігіс істеп, үйіне асығатын болды сериалымнан қалып қоям деп… аналар теледидар алдында, ал балалар өз жайына «ләғыыып» жүретін соның уақытында, дұрыс тәрбие алудың орнына… вообщем, жақсы нәрсе емес… Бірақ өзіміз су ішкен құдыққа түкірмейік, жаман деп те асырып сөйлемейін)))
Мамам, бүгін көрші апаның үйінен көрсе екен...)))
ZhandarbekZhumagulov
Мамам, бүгін көрші апаның үйінен көрсе екен...))) Айеке, мынауың әдемі екен!..
pos
Фатмагүл деген де сериал бар )
ZhandarbekZhumagulov
pos, Фатмагүлді бір-екі рет көргем, бірақ аса ұнамағасын көрмей қалдым-ау дейм.
tomarlik
«Көкжалдар мекен» бірнеше елде көрестуге тыйым салынған сериял емес пе? Тіпті Түріктердің өзі осы серялдан соң қаптап кеткен қылмыстық ұйымдардан соң, прокаттан алып тастапты деседі интернет деген ұзын құлақ
ZhandarbekZhumagulov
Нұрлыхан бауырым, бұны сенен естіп отырмын. Шынымен солай ма еке?! Білмейм әйтеуір өзім сол сериалды рахаттанып көретінмін…
AsselKaribay
оқып отырып, сен де дәл мендей бала болыпсың деген ойда қалдым) мен Асау жүректі көрдім,, қазақша орысшасымен қайталап отырып көретін ек) баламыз ғой)) Юсуфқа ғашық едім ғой өзімше! Бірақ мамалардың айтып отырғанын естігенім болмаса, басқа ешқандай сериал қарамаған екем,, жалпы сериал қарай алмаймын әлі күнге дейін) сериалдың бәрін арналардан алып тастау керек! түрік, кәрісті тауысып енді үнді басып жатыр арнаның бәрін! жарнамалардан байқап қалдым 31 арнада,,, Сен келерсің бір күні деп Музарттың әнін қойып қойған үнді киносының жарнамасы! МАСҚАРАААА!!!
ZhandarbekZhumagulov
Әселжан, рахмет! Сен келерсің бір күні деп Музарттың әнін қойып қойған үнді киносының жарнамасы болса тіпті сұмдық екен… Сериал қарай алмағаның дұрыс. Мен бұл жазбам арқылы қазіргі апаларымыздың сериалқұмар болып кеткендігін де айтқым келген. Ойымды түсініпсің…
noorbek
«Cұлтан Сүлеймен» («Muhtesim Yuzyi»l)-ді кім көрді?
noorbek
«Отбасы тауқыметі» -жақсы телехикая! Балалық шағымның ең сүйікті сериалы десек те болады
ZhandarbekZhumagulov
noorbek «Сұлтан Сүлеймен мүлде ұнамады. Ұлы Осман империясының сұлтаны Сүлеймен сұлтанды құлдықа сатылып келген Хюрремнің айтқанынан шықпайтын етіп көрсетеді. Сосын қарап отырсаң кілең гаремнің ішінде өрбиді оқиғалар, гаремдегі адамдардың қарым-қатынасы, өсек-аяңдар, бір-бір көре алмау, тағысын тағы… Рахмет пікіріңе.
AsselKaribay
жазбаң сәтті шыққан! қазіргі күннің басты проблемаларының бірін ашып көрсеткенсің! әрине дәмдеп, тұздап жақсы келтіріпсің! бұрынғыдай мәні бар сериал жоқ қазір! қазіргі сериалдар тек халықтың миын улау ғана! мәңгүрттікке апарады! телеарналарда басқа көрсететін дым қалмағандай! одан да ұлттық дәмі бар, құнды дүние көрсетсе игі болар еді! өскелең ұрпақтың көзін ашатын, көкірегін оятатын мағыналы дым таппай қалғандай! менің болашақ жоспарымда басты мәселенің бірі болып телеарналардың халін түзеу тұр! маған көмектессең…
ZhandarbekZhumagulov
Рахмет Әсел!!! Біздің балалар не көреді екен деп ойлайм кейде..) Менің де жоспарымда бар дүние бұл. Сондықтан міндетті түрде көмектесем!..
AsselKaribay
рахмет саған!
ZhanylayDauletbay
Әйтпесе Денизбен бірге жастығым өтіп кететін түрі бар ед осы сөзің жақсы кетті)))
Түрік сериалдарының ішінде жақсысы — Июньская ночь емес па?)
осы жақында ғана достарымызбен бас қосып отырып, «Асау жүректен» бастап, қазіргі "Қарадайыға«дейін еске бір алып ек… содан қыздарды білесің ғой, кәрісс сериалдарында жақсы көретінін оларды да ұмытпадық) саған да көп рахмет осы жазбаның арқасында кейііііін де болса еске түсірііп тұратын боламыз кезекпен)
AmanzhanAdilzhanov
Менің ағам «Эзель» деген ЕлАрнада болған сериалды басынан соңына дейін қарады ғо. Жалпы сол фильмнің соңында бронды кимей кітапты жастанып алғаны дұрыс болмады.((
Azamat
Біраз заттарды ұмытайын деппін.Осыншама сериалды қалай көріп тастағаныма таң қалып отырмын.Енді біздің де жас балдар үлгі тұтарлықтай өзімізден Юсуп пен Полаттай қазақтың жігіттеріне сериал түсірсе.Бірақ қайдам қазір сериал көп түсіріп жатқан Ұлттық арна ғана.Оның да сериалдары бір сарында не болашақ бағдарламасы туралы әйтеуір мамандық туралы.Ондай Полат сияқты атыс шабысты сериал түсірседе Ұлттық арнадан көрсетпейтін шығар.

Пікір қалдыру