Жарнамасы бөлек жарнамалық кампания

Жарнамада тек өз өнімін ғана жарнамалау керек деген нәрсе біздің санамызға сіңіп қалған. Алайда, компаниялар кейде мүлдем бөлек нәрселерге арналған жарнамалық науқан өткізіп жатады.
Жақында телеарналардың бірінен әйгілі марафоншы Марат Жыланбаевтың қатысуымен жарнамалық ролик көріп қалдым. Байқасам kaspi bank-тің жарнамасы екен. Бірақ, банк өнімі туралы бір сөз жоқ. Тек соңында банктің логотипі көрсетіледі. Әдетте жарнамада белгілі бір өнімді жарнамалайды. Мұнда банк өнімі туралы бір ауыз сөз жоқ. Бұл қызық көрінді. Банктің баспасөз қызметіне хабарласып мән-жайды сұрадым. Сөйтсем шынымен жүргізіліп жатқан банктің «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» атты жаңа жарнамалық кампаниясы екен. Ерекшелігі мен байқағандай банктің ешқандай өнімі жарнамаланбайды. Өйткені роликте Марат Жыланбаев адамдарды өзінің жетістік жолдары туралы баяндап, еңбекпен, талмай тер төгу арқылы жетістікке жетуге шақырады. Баспасөз қызметінің бұл жарнамалық кампанияның басты мақсаты — Марат сияқты үлкен жетістіктерге жеткен, бірақ ел ішінде елеусіз жүрген адамдарды насихаттау деді. Банк өнімін жарнамалауы мүмкін емес, деп іштей сенбедім. Бірақ Жыланбаев сынды адамдарды насихаттау туралы әрекеттерінің дұрыстығын құптадым. Кейін бақылап жүрсем шынымен де банк өнімін жарнамаламады. Барлық жерде тек Жыланбаев. Бұрын Марат Жыланбаев туралы сырттай естігенім болмаса, өміріне үңіліп, оқып қызықпаппын. Банктің кампаниясы ой салып, Жыланбаевты зерттей бастадым. Сөйтсем, Жыланбаев 7 рет Гиннестің кітабына енген, тағдыры қызық тұлға екен. Тұлға болғанда жәй тұлға емес, нағыз тұлға. Ол туралы тағы бір тақырыпқа арқау болар. Мені қызықтырғаны жарнамасы бөлек жарнамалық кампания.
P.S. Бұл әрине маркетингтік қадам. Банкке қаржылай пайда болмаса да, имидждік тұрғыдан пайдасы бар. Әрі қоғамға да пайдалы. Ашылмай жатқан Марат сияқты «қазыналарды» көпшілікке насихаттайды.

Жарнамалық кампания аясындағы роликті көргіңіз келсе

0 пікір

Пікір қалдыру