МЕН АРМАНДАҒАН 10 КӘСІП

Арман… Адам мен арман… Екі сөзді бір-бірінсіз елестету қиын шығар. Басқа жанзаттарда армандау сезімі бар ма, жоқ па білмеймін, ары кетсе, қарным тойса ғой деп армандайтын шығар мысық пен иттер. Адам баласында арман деген көп қой, бала кезде ер жетсем деп, есейгенде бала болсам деп, кейін балалы, немерелі болсам деп кете береміз. Осы арман тақырыбынан ауытқымай бала кезден бастап, кім боламын, қай кәсіп иесі боламын деген армандар сериясына тоқталсам...

Тағдырдың тауқыметі оңай болған жоқ, 2 жастан бастап, бала-бақша табалдырығын ерте аттап, ананың сүтімен ерте қоштастық. Бірақ әліге дейін анама еркелеймін Құдайға шүкір ))) Бала-бақшада ойнап жүргенде трақторшы боламын дейді екенмін. Сол арманымды осы кезге дейін түсінбедім. “Тракторист” деген өлең болушы еді ғой 10 жылдай бұрын, сол өлеңді тыңдағанда бала-бақша есіме түсуші еді.

Студент: МЕН АРМАНДАҒАН 10 КӘСІП

Мектепке барғанша неше түрлі механикалық сағат, кішкентай ойыншықтарды сындыруға, шұқылауға құмар болдым. Ойладым, механик болатын шығармын деп. Одан кейін мектепке барғанда бандит болуды армандадым, Түлкібаста, кейін Өзбекстанда тұрғанда өзіміздің толпаның жігіттері болатын, біреу әңгіме айтса, жабылып ұратынбыз бәріміз ))) Төртінші арманым сол бандиттермен күресетін агент немесе прокурор сияқты заң саласына жақын біреу болу еді, соған қарағанда 2-3 сыныптарда бандитизмнің бәлесінен аулақ болуды ұққан сияқтымын. Кейін аяқ астынан президент болғым келді, амбиция деген ұрып тұр 4-сыныпта. Үйдегілер кішкене қарқынымды қайтарған соң, Елбасының айналасында жүретін біреу, шамамен тілмаш немесе дипломат болғым келді де ағылшын тіліне құмарта бастадым.

Студент: МЕН АРМАНДАҒАН 10 КӘСІП

Жетінші арманым кішкене есейіп, 15-16 жасқа келгенде пайда болды, аудармашы боламын дедім, болдым! Шүкір! Аудармашы болған соң, ары қарай жалғастыруға “желанием” болмай, IT деген саланың бар екенін Алматыға келіп білдім. Ооо, енді мен мықты программист болсам деген ой қылаң берді, бірақ бір жерде отыратын жұмыс менікі еместігін кеш болса да аңғарып, екінші курстан бастап, бизнесмен боламын деп шештім. Бұл – тоғызыншы арманым. Қазір Құдайға шүкір сұмдық кәсіпкер болмасақ та, дөңгелетіп жүрген кәсібіміздің арқасында напақамызды тауып жүрмін.

Студент: МЕН АРМАНДАҒАН 10 КӘСІП

Ұяттау болса да соңғы арманымды айта салайын, бизнесімді бір ретке салып, масштабын үлкейткен соң, бір саланың елімізде дамытатын министр болғым келеді. Қай министрлік екенін шамалап айта салайын, білім немесе инвестиция. Бұл алдағы 10 жылдың жоспары. Егер білсеңдер, осы екі салада министр болу үшін қандай білім, диплом, қанша ақша, қандай деңгейде абырой және т.б. дүниелер болу керек?

P.S. Бұл тек кәсіпке қатысты армандарыма шолу. Сіздер де қысқаша айта отырыңыздар армандарыңыз жайлы )))

1 пікір

aida_manarbekovna
Мен бала күнімде модельер болғым келді, киім тіккенді ұнататынмын, сосын 5 жасымда бағдарламашы деген мамандықтың бар екенін білдім, онша түсінбесемде қызық болып көрінді, кейін осы мамандықты меңгеремін деп шештім. Қазір осы маман иесімін. Егер мен бағдарламашы болмасам, мен филолог немесе журналист болар едім деп ойлаймын. Болашақта мереке ұйымдастыратын мекеме немесе қайырымдылық қорын ашқым келеді. Мен армандаған кәсіптер осы деп ойлаймын. Қоғамға пайдамды тигізетін маман иесі болғым келеді.

Пікір қалдыру