Блогтаймға келген достарым

Әр күн атқан сайын, заман түрленіп, сан түрлі адам миына келмейтін жаңалықтар ашылып, ғылыми тұжырымдама жасалып, ертегіде ғана кездесетін, қиял-ғажайып туындылыр өмірге келіп, күнделікті тұрмысымызда қолданылып жатыр. Соның бірі интернет.

ЕЕЕ, сенің інтернет, інтернет деп жүргенің, сұраған ақпаратыңды сол мезетте көз алдыңа алып келетін, көрсет дегеніңді көрсетіп, тап дегеніңді тауып беретін баяғының сиқырлы айнасы болдығой (Әжем)
Әжем көненің адамы, бірақ интернет жаңа технология дегендерді сол баяғы көкірегінде тұнып тұрған ертегі аңыздарда кездесетін дүниелерге теңестіру арқылы оп-оңай түсініп жүр.
Бүгінде, Қазақ интернетінің кеңістігінде сан түрлі сайттар жұмыс істеп келе жатыр. Әсіресе блогерлік даму үстінде. Қазақтың сақа блогерлері бас қосқан сайт Керекинфо.кз болса, блогерліктің дәмін енді ғана татып келе жатқан жастардың басын біріктіріп отырған сайт өзіміздің blogtime.kz.
Жалпы қоғамда блогерлік пен интернет журналистиканың пайда болуына орай екі түрлі пікір қалыптасты. Біреулер дәстүрлі БАҚ пен жаңа медияны бөліп жармай қарастыруымыз керек десе енді біреулері екеуі өмірі тоғыспайтын екі бөлек дүние деп бөсті. Бірақ, замана көшінен қалмайтын журналист боламын деп жүрген қыз-жігіттер студент шақтарынан бастап блогерлікке бет бұрып, интернетпен жұмыс істеп үйренгендері абзал тәрізді. Керек тастың ауырлығы жоқ, заман дәл осы қарқынмен дами түссе, интернеттен хабары жоқ журналисттің-журналист бола алмасы айқын…
Өткен аптада сайт әкімшілігі тарапынан берілген тапсырмаға сай және журналистика кафедрасының табалдырығынан енді аттап жатқан бірінші курс студенттерін белсенді болуға шақыру мақсатында, оқудың алғашқы күндеріне сабақтарына кіріп, сайт туралы, блог жазу туралы айтқан болатынмын. Бүгін міне, сол курстың студенттері сайтқа тіркеліп, алғашқы жазбаларын салып та үлгерді.
Енді біздің блогерлермен таныстырып өтсем:
1. Құлпынай. Ұмытпасам, ҚЖ-12 тобының студенті болуы керек. Блогтайм мен блогерлік туралы айтқан сөздерімнен кейін бірден осы сайтқа тіркеліп, жазба салып үлгерген жанның бірі. Алғашқы жазбасы: " Алғашқы студенттік күндерім" -деп аталады. Кейінгі жазбасын өзінің туған өлкесіне арнаған екен.
2. Сымбат. Осы қарындасым өзгелерге қарағанда белсенді ме деп қалдым. Алғашқы жазбасын «Таңдауым ҚарМУ»-деп бастап, кейінгі жазбасында ҚарМУ-ішінде дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Жас талап» конкурсын туралы айта кеткен. Блог туралы енді біліп, әлі жазба салуға, сайт функцияларын толық меңгере алмай жатқандықтан, алдағы таңда бұдан да қызықты тақырыптарға қалам тартады деп ойлаймын.
3. Назира. Екеуміз бір ауылдың түлегіміз. Менен бірнеше жас кіші болса да құдай айдап бір университет қабырғасында бір топта оқу бұйырған екен. Осыдан бір жыл бұрын, torlet.kz сайтында блог жүргізіп, көп-көрім шыңдалып келе жатыр еді, кейіннен ол сайтымыз тоқтап қалғандықтан блогерлер ауылынан алыстап кетті. Енді міне арамызға қосылып жатыр. Әзірге бір ғана жазбасы бар. Отан алдында борышын өтеп жүрген жігітіне деген сағыныштан туындаған сөздері екен. Оқымаған болсаңыздар оқып көргендеріңіз жөн болады. Сағыныш хаты
4.Шолпан. Бұл қыз да менімен бір топта оқиды. Torlet.kz сайтының белсенді блогері болатын. Қазір Фейзбук пен Вконтактеде белсенділік танытып жүр. Торлет жабылған соң жазба салудан біраз жатырқап қалған екен. Әрі жатақханадағы интернеттің қол жетімсіздігінен қиналып жүр. Құдай қаласа белсенділігі арта жатар…
5. Асылхан. Бұл жігіттен блогер шықпайды енді. «Менің сөзім емес Бибатиманың сөзі» — демекші бұл пікірді мен айтып тұрған жоқпын, осы жігіттің өзі айтты. Қызығатын жері радио мен телевидение. Инетрнет, газет дегенді ұнатпайды екен. Бірақ, сөзімді далаға тастамай тіркеліп, талпыныс жасап жүр. Дегенмен жазар ортасы блог платформа емес әлеуметтік желілер болғаны дұрыс тәрізді. Асеке ренжімессің )))
6. Қолаңшаш. Бұл қарындасым блогтаймның қыр-сырын үйретіңіз деп соңымнан қалмай жүрген еді. Бүгін міне алғашқы жазбасын да жариялап үлгерді. Мәкеңнің (Марат) ізімен, өзін таныстыра келіпті. Жазбасын оқып шығыңыздар: Сәлеметсіздер ме? Достар

Пы/Сы: Бұл жерде екі топатан үш-үш бала қызығушылық танытқан екен. Әуелгілері өзімнің бірге оқитын достарым. Бір жыл бойына қатар жүргендіктен жақсы танысып білісіп кеттік. Сондықтан Назира мен Шолпан алдағы таңда блогтаймда өз орны мен оқырманы бар блогерлер болады-ау деген сенімдемін. Ал бірінші курс студенттеріне келер болсақ. Бұл қыздармен онлайнда ғана таныспыз. Шынайы өмірде (офлайнда) анда-санда көрісіп қалып тұратындығымыз болмаса, кімнің қандай екенін біле бермейміз. Бірақ, бір ауыз сөзден соң байқап көрсек, білсек деген талпыныстарына қарап, болашағы зор ма деп қаламын. Қалған бағасын жазбаларын оқыған соң сіздер бересіздер. Кім? қалай жазады? Осы балалардың алдағы таңда жарияайтын жазбаларына қарап баға беріңіздер.

16 пікір

NurlanJanai
Әй, бәрекелді!
tomarlik
рахмет, бірінші курстардан тағы да бірнеше бала арамызға қосылатын болар деп үміттеніп жүрмін
KulpynayZhasaral
Жаксы жазылган!) Биразы тиркелди мунда тек тусинбей жур ненин не екенин. Кулпынай КЖ-11
KolanshashKurakbay
аха, мен де басында тіркеліп алып не екенің 2-3 күн түсінбей жүрдім)) Жазба жазғаным болмаса қыр-сырын әлі түсінбей жүрмін)))
tomarlik
Оқырман билетімді жасап алайын, сосын электронды ресурстар залында толыққанды көрсетіп берермін…
tomarlik
Иа, солай екен-ау… Топтастарыңызға түсіндіріңіздер, көрсетіңіздер.
maratkaniev
Әй, бәрекелді. Шәкірттерің көбейсін!
tomarlik
Айтсын Мәке...)))
AlmasNakhypbek
Жарадың Қалқаман! Бүкіл Қарағанды за тебя, Қанеке деп отқан болуы керек) Сенен жақсы ұстаз шыға ма білмеймін, бірақ блогер деген хобби сенікі болуы керек. Тарихи тұлғалар туралы өз ойларыңды өрбіте бер. Себебі, пікір жазбасам да, оқимын. Және ұнайды. Дегенмен, без коммент ұнайтын болса, қайтейін))) Баса бер алға. Ойларыңды тарихқа жұмсағаның — меніңше нағыз тақырыптық блог болар деген сенімдемін
tomarlik
Рахмет Алмас брат. Сенің сөздеріңнен соң расымен де тарихты айналдыра бергенім дұрыс бола ма? — деп ойлап қалдым. Бұлай айтып жүрген бір сен емес едің )))
AlmasNakhypbek
әрбір істің өз маманы болса, одан асқан дана, одан асқан ақылды жоқ емес пе?
maratkaniev
Тауып айттың, Алмас! Өз ісінің білгірімен қас тұлпарда теңесе алмас.
AsylhanUysinbaev
Мынау сөзін енді ренішке апарады…
tomarlik
Айтқанымды қайтып алдым. Бірақ расымен менің сөзім емес едіғой Асеке ))) Қарап отырсам блог жазуға біраз төселіп қалыпсың, дегенмен қолға алған ісіңнің түбін түсіретін майталман екеніңді білген едім )))
BerikDzhanabaev
Шәкірт тәрбиелеп, мұрт өсіріп дегендей, бәрекелді, алға, міне өсетін бала.
tomarlik
Рақмет Беке. Өзіңізді кейінгі кезде көрмей кеттікқой… Жазбаларыңызда сағына бастаған тәріздіміз

Пікір қалдыру