Алғашқы асу

Сәлем достар. Қалдарыныңыз қалай? Бүгін міне осы жылдағы алғашқы сынақ, аралық бақылауды сәтті тапсырып болып, үйде демалып жатырмыз. Иа, студенттік өмірдің бір қызық кезеңі осы. Қыркүйектен бері кітаптан бас алмай (азда болса оқып жүрмізғой енді :) ) жүрген едік, енді бес-алты күнге болса да бой жазып, сергіп алуға мүмкіндік туындап отыр. Аралық бақылауды әр сабақтан тест түрінде компьютерге тапсырамыз.
Студент: Алғашқы асу
Бір пәнде отыз сұрақ сәйкесінше әр сұраққа бір минуттан уақыт беріледі. Аралық бақылау алып отыру Қазақстандағы іргелі ЖОО орындарында білім сапасын анықтау мақсатында кеңінен қолданыс тауып отыр. Бірақ, таныстарымыздың айтуына қарағанда әр университетте әр түрлі екен. Мәселен біз, ҚарМУ студенттері тест түрінде компьютерге тапсырсақ жанымыздағы ҚарМТУ (Политех) студенттері ауызша, билет алып тапсырады екен.
Студент: Алғашқы асу
Колледжде жүрген кезімде ол жақта да осындай аралық бақылау болатын, бірақ оны біз атестация деп атаушы едік және оқу басталған уақыттан атестацияға дейін бір пәннен үш бағадан артық алсаң, атестация қойып беретін. Ал бағасы жоқтар сынақ тапсырып жүгіретін.
Хош сонымен не керек, оғып-бұғып жүріп тест тапсырдық нәтиже көңілге қонымды. Сынақ тапсыру барысында пән мұғалімдері мен инженерлер және деканаттан келген бақылаушылар көшіріп алу деген болмас үшін қадағалап жүрді. Дегенмен, ретін тауып шпор қараған сәттеріміз де болып қалады. Енді адамбызғой бәріміз )))
Менде сынақ тапсырып жатқандықтан суретке түсу мүмкіндігім болмады, дегенмен Жанар апайдың (Телерадио журналистикадан дәріс оқиды) түсіріп, фейзбкке салған суреттерін алып отырмын.

4 пікір

AsylhanUysinbaev
Бұл тісттерге қалай дайындалдық десенші))) Түнде де оқыдық, бірақ осы төккен теріміз өз жақсы баға алуда өз септігің тигізді!!!
AlmasNakhypbek
Студент тақырыбы нәрсіз емес екенін сезгенмін. Біргігіп, студенттер қауымын құруға болатын сияқты Блогтаймда)
tomarlik
Келісемін Алмаз… Студент кезде барынша белсенді болуға тырысқан дұрыс
AlmasNakhypbek
Тәжірбие алмасуға жақсы себеп деген сенімдемін. Нұрекеңе рақмет, пайдалы жазбасына. Бөліскеніне

Пікір қалдыру