Қалай таныссам екен...?!

Қалай таныссам екен...?! Кеш жарық достар! Осы blogtime-ға тіркелмес бұрын жүз ойланып, мың толғанған шығармын… Бұл алғашқы жазба, алғашқы қадам! Бүгін осы blogtime-ға жазба салу бұйырған екен. Ендеше таныса отырайық?) Менің есімім — Шолпан. Сарыарқаның сайын даласы кен қопарған Сәтбаев қаласынан боламын. Қазіргі таңда ҚарМУ-дың филология факультетінде, журналистика кафедрасында білім алып жатырмын. Ару қала Алматыға бару еді мақсатым… болмай қалды( Дегенмен өкініш жоқ, Аллаға шүкір!(уақыты келгенде айта жатармын) Алдағы уақытта сіздермен ой бөлісіп, жазбалар жазып, байланыста боламын деген үміттемін. Блогтайм құшағын ашып, жылы қарсы алады деген ойдамын!) Кездескенше күн жақсы! Блог - SholpanAbdrahmanova: Қалай таныссам екен...?!

19 пікір

AsylhanUysinbaev
Алғашқы жазбан құтты болсын!
Құрметті достар бұл қыз менің қарындасым. Журналист мамандығын қуып келе жатқаны бар. Бірінші қадамы ғой блогқа деген лайкты бір жаудырсаңыздар ырза болар едім!!!
SholpanAbdrahmanova
рақмет ағатайым!)
KulpynayZhasaral
Қош келдің, құрбым) жазар көбейсін!
SholpanAbdrahmanova
қош көрдік Құлпынайым!) рақмет!)
DinaAbdigalieva
оооо Шолпан, қош келдің!!! Сенен қызықты жазбалар күтеміз!!!
SholpanAbdrahmanova
сәлем Дина!)рақмеет) бұйыртса!)
AlmasNakhypbek
Филология, журналистика деген мамандардың жиналатын жері екен ғой. мен неге жүрмін)))
SholpanAbdrahmanova
Осы блог жазу арқылы өсіп, өнеміз ғой) Клавиатураңызды тықылдатып, жазбаларыңызды жаңғыртып, блог әлемінде жүре беріңіз ағасы!)
tomarlik
Шолпан қош келдің!!!
SholpanAbdrahmanova
Қош көрдік Нұрлыхан!)
tomarlik
Алмаз брат біздің «балмұздақтарымызғой» )))) Блог жазу болашақ журналистерге керек дүние, бірақ, сенің орның ерекше екені айтпаса да түсінікті… Физикаға адасып барғансыңба димінғой )))
maratkaniev
Нүке, Алмасқа физика саласындағы блог ғылымдарының докторы деген атақ беру керек.
AknietBaltanova
қадамың сәтті болсын!) қызықты жазбалар күтеміз!
SholpanAbdrahmanova
рақмет!)міндетті түрде бұйыртса!)
MisterEroha
Ел мен жерге пайдалы жазбалар, пәлсапалы посттар жазады деп сенемін кішкентай ханшайым!
SholpanAbdrahmanova
әрине!) рақмеет) сенімінді ақтауға тырысамын!)

Пікір қалдыру