Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Осындай маршрутпен сапар шегіп келдім.

АҚТАУ

Жұмыс бабымен Бейнеуге бару керек болды. Бейнеуге әрине Ақтау арқылы бардым. Үй-ішімді көрмегелі жарты жылдан асып кеткен еді, көрісіп сағынышымды басып алдым. Бір күн болар-болмас Бейнеуге жол жүріп кеттім. Ақтауда түсірілген ең маңызды сурет осы болды:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

БЕЙНЕУ

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Бейнеу. Бейнеуден қаншама рет өтсем де, өзіне ат басын тіреп көрмеппін. Бейнеу мен ойлағаннан да көрікті, таза аудан орталығы екен.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Бейнеуде өндіріс, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Соған сәйкес қонақ үй де көп екен.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Бейнеу мен Шалқар арасында теміржол салынып жатыр. Құрылыс қарқынын көріп қайттық:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
Ал төмендегі көлік «Ураган» деп аталады. 24 адамдық жатақ қытымыр аязың мен аптап ыстығыңа қарамай қорған болады:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Бейнеуде жүргенде Ақтан ағама риза болдым. Үш күн бойы қасымда болды. Жеңешемнің қолынан дұрыстап шай іштік. Сосын көптен пікірлес Назарбек, Сайлаубек, Ғалымжан деген жігіттермен көрістім.
Кетер күні Ескі Бейнеудегі Бекет атаның жерасты мешітіне бардық. Атаның басында өзге әлемде жүргендей боласың.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
«Ескі Бейнеу, Ескі қорым- Ақ қала!
Сағаналар күн астында сарғайған.
Тағдыр тектес жазуы бар тақталар-
Болашаққа- балаларға арналған»
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Мешіттің негізгі бөлігі құлыптаулы тұр екен. Арғы бетіндегі дөңгелене ойылған қылует әлде зікірханаға кіріп Құран оқыдық. Өкініштісі, бұл жерде осы өлке туралы, жерасты мешіттің құрылысы, оның қадір-қасиеті, Бекет ата туралы кеңірек айтылмайды. Түсініспеушіліктер туындамас үшін атаның басында осындай ағартушылық әңгімелер айтылған дұрыс деп ойлаймын.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Жоғары жақтағы бақта екі тауыс жүр. Әдемі болғанмен дауыстары жаман естіледі екен.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

АҚТӨБЕ

Бейнеуден Ақтөбеге кешке келдім. Мақсатым — Ақтөбеде бір түнеп, ары қарай Ресейдің Самара қаласына өтілге (стажировкаға) бару. Түнгі Ақтөбені жалғыз өзім асықпай тамашаладым. Орталығы ұнады.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

САМАРА

Таң ата Ақтөбеден Бішкек-Мәскеу поезына отырдым. Қырғыздың ұлттық сусыны шораны сораптап отырып айыр қалпақты бауырларымызбен әңгімелесе Самараға тарттым.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Өтілге топтан 9 адам болып бардық. Сегізі басқа поезбен барды. Мен мына жақтан)) Самара мемлекеттік техникалық университетінің екі орыс қызы күтіп алды. Жатақханаға орналастық. Күніне 6-8 сағат сабақ. Қалған уақытта қала ішін араладық:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Еділ бойында жағажай маусымы басталып кетіпті:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Мұрат терең ой үстінде:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Еділдегі күннің батуы:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

"Қайран да менің Еділім"
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Барған жерімнің мешітін суретке міндетті түрде түсіретін әдетім бар. Бірақ бұл мешітті сәтті ракурстан түсіруге уақыт және айналасын қоршаған тасжол мүмкіндік бермеді.
Байқағаным, Ресейдегі мешіттер сыртқы көрінісі шіркеулерге ұқсайтын сияқты.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Қаланың жолдарын көргенде Алматының жолдарына деген ренішім бірден басылды, шүкір екенбіз. Қаладағы жаңа құрылыс нысандары қаланың мұнайлы өңірде орналасқанын білдіретіндей. Қала тұрғындары жайдарлы, көңілді екен.
Ал сабаққа келетін болсақ, теориялық, практикалық сабақтар қатар болды. Қала сыртындағы қосалқы станцияларға экскурсия жасадық:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Атом электр станциясынан келетін 500 кВ кернеулі желіні қабылдап тұрған станцияда болдық:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Қосалқы станцияны диспетчерлік бақылау:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

«Электрощит» зауыты университет ішінен оқу орталығын ашып қойған екен. Макарон есімді оқытушы 4 сағатта көп нәрсе үйретті:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Дәл осындай Shnaider Electric компаниясының да оқу орталығы бар:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Университеттің әр түрлі маманданған мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайтындығы ұнады.

Сөйтіп бір апта зу етіп өте шықты. Вокзал, елге қайтар сәт:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

40 сағат оқудан соң, осындай қағазға ие болдық:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

АҚТӨБЕ

Ақтөбеге поезбен таңертең келдік. Не істейміз? Ақтөбені аралаймыз.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

«Турбо» мультигіндегі таконы да жеп көрдік:
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

Былтыр Алматыдан Ақтөбеге бажам көшіп кетіп еді. Кешке дейін уақыт болған соң, "құтты болсын" айтып келдім.
Балдай балдыздарым да өсіп қалыпты.
Блог - Saryqazaq: Алматы-Ақтау-Бейнеу-Ақтөбе-Самара-Ақтөбе-Алматы

АЛМАТЫ

Осылайша екі апталық сапарым аяқталды. Қарасам, екі аптада блогтаймда 3-орыннан 13-орынға түсіп қалыппын(((
Ештеңе етпейді, әңгіме орында емес, әңгіме сапар туралы осындай жазба жазуда.
Алдағы уақытта Самараға сапар туралы видеоблогымды күтіңіздер

8 пікір

Nurshat
Күшті, сәтті сапар болыпты, Рахат. Суреттерің, әдеттегіше, тамаша шығыпты. Ақтауға қашан қайтасыңдар?
Saryqazaq
Рақмет. Мен Алматыда болам, ал жұбайым осы айдың ортасында барады, бұйыртса.
Мында бар екенсің ғой, әдемі жазбаларыңды күтеміз)
BerikDzhanabaev
Келесіде Бейнеуге келсең хабарла, біздің үйде де жақсы жақсы шайлар бар
Saryqazaq
Сау бол. Есте болар)
AkbotaMusabek
Күшті сапар болыпты)

Пікір қалдыру