Зияны көп, пайдасы да аз емес..

Блог - SaidaKasymbekova: Зияны көп, пайдасы да аз емес..
Бәріміз оны күнделікті қолымыздан тастамаймыз. Әрқашан, барлық мәліметті сол арқылы көріп біліп те отырамыз. Ең қызығы біз оның қаншалықты зиян екенін білеміз. Алайда, сирек қолдануды доғармаймыз. Ол-ұялы телефон. Адамдардың көбі онымен жақсы таныс.

Ұялы телефон-радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Жалпы, шығу тарихына мән берсек жөн болар. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетнің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді екен. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болады. Енді әрине жалғасын институттарда зеттеп, тәжірибе жүзінде қарастырып бүгінгі күнге жеткізген мамандар бар. Рахметімізді айтамыз ба, керісінше ренжиміз ба оны көрерміз…
Анығырақ тоқталсақ, технологияның керемет дамыған осы кезеңінде біз өмір сүріп келеміз. Тіпті, кішіміз де, үлкеніміз де, қариямыз да осы арқылы хабарласып отырады. Денсаулыққа ұялы телефонның зияндылығы туралы дәрігерлер айтпаса да белгілі. Әсіресе, қолдан тастамай, мезгілсіз қолданатындар осыған назар аудару керек! Бұл ең басты зияны екені мәлім.
Блог - SaidaKasymbekova: Зияны көп, пайдасы да аз емес..

Пайдасы бар ма? Бұл сұраққа бәлкім көбі әрине деп жауап қайтарар. 50/50 берер едім мен. Керегі бар, мысалы, ата-анамыз бен міндетті түрде хабарласып тұруымыз керек. Өзге де жақын туыстармен жағдайдың жақсы екенін білу керек. Не болмаса шет елде оқитын, тұратын туыстарымз бар, олармен де хабарласу міндетті. Және тағы бұдан басқа пайдасы асып жатыр.

Енді біз оны сол пайдалы жағынан ғана қолданып жатқан жоқпыз. Оны да ескерген жөн. Айтайын дегенім, қолдан тастамай отырудың тағы бір себебі бар, ол ойын ойнап, әлеуметтік желіге кіріп алып шықпайтынымыз екені айтпасақта түсінікті. Міне осы жағдайдың бізге керегі де берері де жоқ шығар. Бәлкім кейбір адамдар өзіне тиімді мәліметті алып жатқан болар. Бірақ, зияны туралы ойланса, соған көңіл бөлінсе, арнайы дәрігерлерге жолығап, қызығушылық танытса міндетті түрде оны пайдалануға асықпайтынына сенімдімін. Өйткені, адам баласы өзінің деінің саулығы үшін білуі абзал. Енді оны әр азаматтың өз еркіне қалдырайық. Қаншама жастарымыз, оның ішінде бүлдіршіндеріміз ұялы телефоныңды берші деп жатады. Оның не екенін біліп, соны сұрап, қызығып жатқанына қуанайын ба, қорқайын ба… әйтеуір жақсы бір жақсысы болар деп қоя береміз. Ата-ана ретінде осыған мүмкін өз үлесін қосу керек шығар. Жоқ, міндетті түрде қосу керек!
Блог - SaidaKasymbekova: Зияны көп, пайдасы да аз емес..

Бүгінгі күні зиянды жақтарын ескеріп мүлдем ұялы телефонсыз жүру керек деп те ойлау қателік. Неге десеңіз, пайдалы жақтары да басым екен. Салыстырп көрсек, солай болып шықты. Бұл жағында әр адамның өз еркіне қалдырайық. Бірақ, мән беріңіздер дегім келеді. Ұялы телефонды тек керек деген кезде пайдаланғанымыз жөн. Ал бос уақытымыз болып қалса, оданда сөмкемізге бір кітап немесе сурет салуды ұнататын адамдар қалам мен дәптер алып жүрген дұрыс. Мысалы, сіз бір адамды күтіп отырсыз, міне сол кезде жаңағы кітап қолыңызға түсіп, соны оқуды бастаңыз. Бір қызығы сол кезде бастасаңыз, аяқтағанша тоқтай алмайсыз. Дәптер деу себебім, қаламды алып сурет салуға болады. Ол керемет бір пейзаж, не болмаса натюрморт болуы міндетті емес. Оның орнына бір фигураларды немесе ойыңызға не келсе, соны дәптерге түсірген қызықты. Ол тіпті графика болуы мүмкін.
Қасымбекова Саида, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті 4-курс

0 пікір

Жазба авторы пікір қалдыруға рұқсат берген жоқ