GGG

Блог - SaidaKasymbekova: GGG
Ол — Головкин Геннадий Геннадьевич(GGG) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы. Өте танымал боксер. Бірде бір рет жеңілмеген, әрқашан тек жеңіспен қуантатын GGG. The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын. Ал енді жетістіктеріне тоқталайық.

• 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
• 7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
• ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
• Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
• Азия ойындарының чемпионы — (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
• Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
• «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
• WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
• IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
• 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші
орында тұр.
2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Сонымен қатар, олимпиадаларға қатысып, өзін көрсеткен спортшы. Айта кетейік, Генаның салмағымен бірдей спортшылар өте мықты. Чемпион болып келе жатқан мықты боксерді жеңу оңай емес екенін ескеру керек.

2004 жылғы Олимпиада ойындарында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орынға ие болды. Іріктеу шайқасында Головкиннен жеңілген Артаев 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.
Финалдың 1/16 бөлігі – автоматты түрде өтті;
Финалдың 1/8 бөлігі – Ахмед Али Ханды жеңді (Пәкістан) 31 – 10;
Финалдың 1/4 бөлігі – Рамадан Яссирді жеңді (Мысыр) 31 – 20;
Финалдың 1/2 бөлігі – Андре Дирелланы жеңді (АҚШ) 23 – 18;
Финал – Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілді (Ресей) 18 – 28;

Блог - SaidaKasymbekova: GGG
Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы орта салмақ дәрежесінде жасады. Алғашқы 8 ұрыста мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1). 2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді. 2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2 раундта шайқастан бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3). 2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 – раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чемпионы атағы үшін болған айқастың 2-ші раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. 2010 жылдың тамыз айында WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін айқаста колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді. Бұдан бөлек 33 ұрысқа қатысып, 33 рет жеңіп, ешқашан жеңілмеді. Германияда өткен 18 жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Елмізде өткен ұрысты 3-раундта-ақ жеңіспен бітірді. Сол кезде тіпті керемет боксті көрсетті. Халқымыздың үмітін ақтады. Тағы АҚШ-та, Веронада, Монакода өткен ұрыстары бар, олардың барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Бұл жетістіктерін атап өтсек, Генаның мықты екендігі, суперчемпион атағына лайықты екендігі көрінеді.

Бәріміз Генаны өте жақсы білеміз. Тіпті, біз ғана емес, шет елдік азаматтар да жетістіктерін біледі. Отандастарымыз әр жекпе-жекті асыға күтіп тамашалайды. Жеңген сайын МЕН ҚАЗАҚПЫН деп көк туымызды желбіретіп айтатыны тағы бар. Әрине, біз үшін бұл үлкен қуаныш. Халқымыздың көпке дейін айтып отыратыны Генаның қарсыласын 1 раундта-ақ жеңуі.

Жас спортшылаымыз үлгі алады. Өзге елдерге Қазақстан Республикамызды танытып жатқанын көріп мақсат қояды, талаптанады. Яғни, Генадий Головкиннің еліміз үшін жасап жатқан еңбегі зор екенін ескеру қажет. Кез-келген азамат бүгінде Генаның келесі қарсыласы кім екенін біліп, сол жекпе-жекті көруге асығады. Мен отандық спортшымызбен мақтанамын. Болашақта елімізге тағы жеңістер сыйлайтынына сенемін.

Қасымбекова Саида, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің 4-курс студенті.

0 пікір

Пікір қалдыру