Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...

Бұл жөнінде жазамын деп, бұрын еш ойламаппын. Барлығы күтпеген жерден болды. Осы жаз айында, ағам отау иесі атанып, шаңырақ құрып, үйленгелі жатыр. Сол шақыру билетіне қарап тұрып, кенеттен қасымда отырған апаларыма сұрақ қойдым: Неге, осы қалыңдықтың барлығы ақ көйлек киеді ?- деп. Бұл, сұрақтың жауабын былай түсіндірді: Ақ түстің өзі бейбітшілікті, тазалықты және пәктікті білдіреді. Ақ түс қазақ халқында киелі саналы.
Менде өзімдікін қоймай: Ал, неге қазір кей тойларда қалыңдықтар әр түрлі түсті көйлек киеді? Сонда, сары кисе жарқындықтың белгісі ме? — деп, осылай бастарын қатыра сұрақ қоя жөнелдім. Тілегенім іздемей-ақ алдымнан шықты. Ақ түске қатысты не жазамын деп, жүргенімде бұл қызықты жұмыс болды. Біріншіден, ол сұрақты мақсат тұттым. Білуге және ізденіске құштарлық пайда болды. Екі, блогиадаға қатысты біраз көмектесті. Опшым, бір оқпен екі қоянды аттым. Сол сәтте әлеуметтік желіні пайдалана отыра таныс достарыма сұрақ қойып шықтым.
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...

  1. Ақ түс туралы ойыңыз қалай ?
  2. Неге қалыңдықтар ақ түсті көйлек киеді, басқа түс емес ?
Олардың жауаптары төмендегідей болды:
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...
Шынын айту керек, көбі тазалықтың және пәктіктің белгісі ретінде қарастырса, біреулер білмеді. Ақ көйлекке қатысты екі дерек бар. Ақпарат көздерінің бірі Англиядан шықты десе, екіншісі, ақ көйлектің киюдің өзіндік себебі бар дейді.
Қазақ салтының ең шырқау шыңы – үйлену тойы. Үйлену тойындай маңызды мереке жоқ. Өйткені, сонау ғасырдан бері халқымыз бар жиған ‑ тергендерін қуанып балаларының той кәдесіне шашады. Бұл дәстүр ғасырлар асып бізге жетті. Гәп онда да емес… Әңгіме, біздің айтулы салтанатқа орай, қалыңдықтардың киіну стиліне қаншалықты мән береміз? Біздің үйреншікті көріп жүргеніміз – қалыңдықтар қысы — жазы кеудесі айқара ашық аппақ неке көйлегін киеді. Бұл көйлекті батыстық сәнгерлер бір киер көйлек ретінде ғана арнаулы салтанаттарға ұсынды. Тойға ақ көйлек кию негізінен Англияда пайда болған. 18 ғасырда Виктория ханшайым бірінші рет ақ көйлекпен герцог Альберт Саксен-Кобург-Готскиймен некесін қидырады. Ұлыбританияда сол күн Викторияның герцогтың некелі жары болған күн ғана емес, ақ көйлек қалыңдықтың көйлегі болып әлемге тараған күн болды .
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...
Осы суретте қазір кең тараған қалыңдықтың ең алғаш киген ақ көйлегі. Ал, қазіргі стилі мүлдем өзгеше. Ия, техника мен қатар киіну стиліміз бірге дамып жатыр. Екінші дерек көзі былай дейді :
Бұрынғы заманнан ақ түс Ескілікті білдірген, еске сақтауды білдірген. Сол себепті кей елді мекендерде, әлі күнге дейін қазаны білдіреді. Ал, христиан дәстүрінде ақ кигендер періштені білдіреді, яғни, бақилық өмірмен байланыстырады. Ал, енді қызықтысы. Бұрынғы заманда адамға туыс, ұрпақ, баба деген өте қасиетті болған. Бұрынғының адамдары сол ұрпақтың бір мүшесі ретінде сезініп, қолдауына ие болған.
Ал, қыз бала өз ұясынан ұшып, басқа ұрпақтың мүшесіне айналды.Әйел баласы өз жұрты үшін өліп, басқа жанда қайта өмірге келген. Сондықтан, ақ түс қайғыны білдіреді екен.
Бәрімізге таныс сюжет: қыз үйінде ақ боз аттағы жігітін күтуде. Өз бөлмесінде құрбыларымен. Бірақ, әр кезде былай болған жоқ. Бұрындары, орыс тілдес халықтарда 19 ғасырға дейін, күйеуі алып кеткенге дейін өзінің үйреншікті киімімен жүретін. Күйеу жігіт келгенде ғана той көйлегін киген. Бұның мағынасы: өз төркінімен қоштасу. Тіпті, ата-бабаларының рухымен де!
Сондай-ақ, қалыңдықтың бетіне ақ жаулық жабылады. Қазіргі заманнның әдемі жаулығы емес, бұрынғы заманның жаулығы ақ немесе қызыл түстен тіккен.Өйткені, жабу арқылы өз келбетін ешкімге көрсетпеген.Қызыл түс демекші, бұрынғы заманда ақ түспен қатар қызыл, ала-қызыл қайғыны білдірген.
Осы жерде, неге бетін ақ жаулықпен (фата) жабады деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұғанда жауап беріп өтейін. Өйткені, жоғарыда айтып өткенімдей. Қыз бала некеге келісімін бергенде, өз ұрпағына өліп (яғни, жаңа өмір), жігіттің ұрпағына қайта жаңармағанша оған қарамақ түгіл, тіпті, ұстауға қатаң тиым салынған. Неліктен?
Себебі, бұрынғы ырым-тыйым бойынша бұл қағиданы бұзатын болса, жамандық әкеледі деген нәрсе болған. Сол себепті қалыңдықтың бетін ақ жаулықпен жауып, жамандықтың алдын алған екен.
Уақыт өте келе мағынасы жандана түсіп, біртіндеп ұмытыла бастады. Қазір, тек сән және салтанат үшін жарысып ең әдемі көйлекке тапсырыс береді екен!
Ал, қазақтың салтында қалай болған?
Бұрынғы заманда қазақ қыздары ақ көйлек кимеді деп, сенімді түрде айта аламын! Оған бірінші дәлел, Қыз Жібек фильмінен көретін болсақ Жібек ақ емес розовый түстес көйлек киген.
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...
Екінші дәлелді үзіндіден келтірейін. Соның ішінде қыз ұзатылып бара жатқанда айтылатын сыңсудан үзінді:
… Көк көйлек кидім төкпелі,
мен әкеме өкпелі.
өкпелі болмай қайтейын,
бір жыл маған көп пе еді?...
Ал, қазіргі заманда біздің халқымызда көйлектің бірнеше түрлері бар. Алтын тастармен безендіріліп, небір жібек және мақпал маталарынан жасайды.
Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...Блог - SUN: Ақ көйлек , тек тазалықтың белгісі ме ? Әлде...
Ақ көйлектің тарихы осындай болып шықты. Бес саусақ бірдей емес демекші, әр кімнің талғамы әр түрлі емес пе? Ғаламшарда қанша адам тұрса, сонша өзіндік ой мен талғамы бар. Осыдан неге «Қыз Жібек» фильміндегі этностильдегі Жібектің көйлегін және қазіргі заманға сай сәнді сабақтастыра отыра, өзіміздің ұлттық бренд болар тамаша қалыңдық көйлегін шығармасқа деген ой туындады. Бәрі уақыттың еншісінде емес пе? Мүмкін, ел болашағы болар жастар осыны қолға алар.
Пы/Сы: Осы постты әзірлеу барысында, қазақ қалыңдығының нышаны болып табылатын сәукеленің атауына қатысты қызыққа тап болдым. Бұрында қазақтар қызын ұзатқан кезде басына үлкен бас киім кигізген екен, ол бара жатқан елдің адамдары келінді алыстан тануы үшін қажет болған мыс. Сонда күтіп отырған жұрт: Әйтеуір, біреу сау келе жатыр! -деп, қуанған екен. Өте келе, үндестік заңына байланысты «сау келе жатыр сөзінен » — «сәукеле » сөзі пайда болған.

0 пікір

Пікір қалдыру