Мой Мирдағы алаяқтық

Күлейін бе, жылайын ба?

Ештеңе жазбайын деп едім, бірақ мынаны хабарламасам болмас.

Мой Мир дегенге аллергиям бар адаммын, жүрген жерімде осы 'әлеуметтік желіге' антижарнама жасап жүремін. 3 жыл болды өзімнің Мой Мирым жоқ. Бірақ жақында VK.COM-ға кіруге мәжбүр болдым. Себебі ол жақтағы студенттермен істесетін жұмыстар бар.

Енді түсінікті болу үшін, мынадан бастайын. 31-тамыз күні naqyl.kz сайтына 450-дей қолданушы кіріп, сайтымыз zero.kz-те 288-орынға бір-ақ көтеріліпті. ТОП-1000 сайт қатарына іліге алмай жүрген біз үшін бұл күтілмеген жағдай болды. Сайттың көтерілу себебі бізде Елбасымыздың суретімен жасалған «Бір — халық, бір — ел, бір — тағдыр» деген мотиватор бар. 80% трафик сол мотиватордың үлесінде екен. Сөйтіп ойлап қойдық, ааа демек, 1-қыркүйекке сол тақырыпқа ашық сабақ сияқты бірдеңе өтуді мұғалімдер мен оқытушыларға жүктеген екен ғой деп. Айтпағым бұл емес, сөйтіп, 30-дай қолданушы NAQYL.KZ сайтына 'nurlan janai' деп іздеп келеді екен.

Жаңа азанмен есіме түсіп кетіп, өзімді 'Nurlan Janai' деп іздеп көрсем қызыққа, facebook.com, quora.com, yvision.kz сайттарындағы аккаунттарым шықты. Төртінші Мой Мир тұр. janai_nurlan@mail.ru деген 'сайты' бар біреу. Сөйтіп ашсам, менің халық қалаулыларыммен түскен суреттерімді салып қойған, сөйтіп қуандым басында. Мәәә, таныМАЛ боп кеттім бе деп. Кейін ойланып, қорқа бастадым, мынау не жазып отыр екен деп, бірақ қазақша қаріптен мақрұм желіде қазақша 1-2 нәрсе жазыпты обалына не керек. Бірақ ешкіммен достаспаған, анкетасына қарасам, бізде КазНУ, КазГУ деген аты ылғи орысша жазылатын, Фейсбукта да жазылып жүрген, күнде айтылып жүрген Қазақтың Ұлттық университетінде оқып, БӨБЕКте жұмыс істеген екен. Соған қарағанда ВКонтактеден мәліметті, суретті ұрлаған, бірақ оқитын жерім мен істейтін жерімді алмай, өзікін қойып жіберген ғой. Дегенмен туған күнім дұрыс.

Мой Мирдағы "мен"

Кім әзілдеп отырса да, қандай мақсатта менің атымнан аккаунт ашса да, Мой Мирға жоламай-ақ қойыңыздаршы?! Фейсбукта, Туиттерде, LinkedIn-де, MySpace-те және т.б. ашыңыздар, қарсылығым жоқ, керек десеңіздер қолдаймын, сайт жарнама жасауға қолғабыс керек еді, бірақ 'Мой Мир не надо' :))) Дым болмаса, WhatsUp-тарыңызға атымды жазып, суретімді қойып алыңыздарррр әншілердің атынан кіріп шаршасаңыздар :))))))))))))))))))

P.S. Ұзын сөздің қысқасы суреттегі Мирда мен отырмаймын. Бірақ менің дені дұрыс достарым MAL.ru-да отырмайтыны қуантады.

8 пікір

meyrkhan
менің мектептегі өмірім МОЙ МИР мен өткен, студент атанғалы Фейзбук әлеуметтік желісінде отыратын болдық, дені дұрыс адамдар секілді
meirambekelaman
тук тусингеним жок,
Araipo
ой қазір қалдығоой мой мир деген..)
Ainura
Осы жазбанызды алдын да оқып едім. Сосын МОЙ МИР -ден қарадым; cіздің есім мен суреттеріңізді ғана қолданатын(оқу орны т.б сіздікі емес) ақынсымақ біреу екен.
Saryqazaq
мектепте майл руға бәріміз тіркелдік. Интернетке кіру мүмкіндік болмай, соған аватардан басқа бір де бір cурет ілмедім деп мақтанам
Daniyar_Zhanys
Saryqazaq, бұл жаққа суретпен блог жасауға да болады )))
Damiris
Мына сайттағы аккаунтты ашқан адам өз артын өзі ашып беріп отыр ғой…
Muktybek
Уақытында ММ-да болдық қой. Бірақ, «пікірлесу» жағына жоқ едім. Қазақша әріптер жоқ болғаннан соң сауатсыз жазған адам секілденіп, өз жазғаның өзіңе ұнамай, тәбетің жабылып қалады екен.

Пікір қалдыру