ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Әлемде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударатын себебі, бұл саланы дамытудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Халықты жұмыспен қамтамасыз етеді, әсіресе, әйелдер үшін ыңғайлы жұмыс орны есептеледі. Жеңіл өнеркәсіпте істейтін 85-90% – әйелдер. Сондай-ақ, бұл саламен өзіміздің нарықты сырттан келген импорт тауарлардан қорғауға болады. 2012 жылғы статистика бойынша, Отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі сұраныстың максимум 10% қанағаттандыра алса, оның ішінде 8% тігін және тоқыма ішкі саласына, ал 2% ғана тері және аяқкиім ішкі саласына тиесілі. Нарықтың қалған 90% бөлігін импорт тауарлар иелеген. Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Ассосиациясының мәліметінше, нарықтың 80% бөлігін елімізге кіріп кеткен заңсыз импорт тауарлар құрайды. Отандық жеңіл өнеркәсіп саласын ішкі бәсекелестікті көтеру жолымен ғана шешуге болады.
Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2010 жылы “2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамытуға арналған бағдарлама” жасалып, оның мақсаты – елімізде жоғары сапа мен кең ассортименттегі бәсекеге қабілетті жеңіл өнеркәсіп тауарларын жасауды іске асыру болды. Оның жалғасы ретінде 2015-2019 жылдары жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды. Құрамына 120 компания кіретін Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері Ассосиациясының басқарма төрайымы Любовь Худованың 2015 жылғы сұқбатында айтуынша, Отандық тоқыма және тігін саласы ішкі нарықтың 10% қамтамасыз етіп, 1% ғана аяқ киімге тиесілі екен. Негізі ішкі сұраныстың кемі 30% Отандық тауарлармен қамтамасыз етілу керек.

Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Жеңіл өнеркәсіптің ішінде ең аянышта жағдайда тұрған аяқ киім саласына назарымызды бұрғым келеді. Себебі аяқ киімге қажет шикізаттың мен өнімнің бәрі болса да, сатылым көлемі ұлғаймайды. Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша комитетінің хабарлауынша, қазақстандық аяқ киім өндіріс көлемі 2011 жылдан 2014 жылға қарай екі есе, яғни 1,389 миллионнан 713 мың жұп аяқ киімге төмендеген.

Бұл мәселеге қатысты “Арго” аяк киім фабрикасының директор орынбасары Максим Астанин пікір білдіріп,

Қазақстан Кедендік Одаққа кіргеннен соң, қазақстандық тауарөндірушілердің аяқ киімдері өз позицияларын жоғалта бастады. Рубль әлсіремей тұрғанда, қазақстандық аяқ киімдер ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болатын. Ал 2015 жылы барлық кәсіпорындар өнімдердің бағасын орташа 20% төмендетуге мәжбүр болды. Атап айтқанда, резіңке етіктердің көтерме бағасы 1200 теңгеден 800 теңгеге түскен. Фабриканың өнімдеріне сұраныс бір жылда екі есеге төмендеген. “Біз нарықты ұстап отыру үшін бағаны төмендеттік, акциялар жасадық, дегенмен сұраныс бірден төмендеп кетті. Ресейлік тауарөндірушілермен бәсекеге түсу өте қиын. Себебі Ресейде Кеңес одағынан қалған жұмыс істеп тұрған ірі зауыттар көп”
, – дейді “Арго” аяқ киім фабрикасы директор орынбасары.

Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қарағанды аяқ киім фабрикасы директоры Серік Таласпеков пікірі сәл басқаша болды. Оның айтуынша,
Қазақстандағы аяқ киім саласындағы бүгінгі мәселе рубльдің әлсіреуі мен тұтынушылардың сұранысының төмендеуінде емес. Индустрияның мәселесі – отандық тауарөндірушілер кәсіпорындардың 10-15% бөлігін ғана пайдаланып отырғандықтан, тапсырыс жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйесінің толық жетілмегендігінде. Мемлекеттік сатып алуда ылғи шет елдің арзан аяқ киім тасымалдаушылары жеңіп кетеді. Олар аяқ киімді Қытай мен Ресейден тиын-тебенге әкеліп береді. Қанша арзан болса, сонша сапасыз болады. Отандық тауарөндірушілер басымдылыққа ие болу үшін заң қабылдау қажет,
– дейді Қарағанды аяқ киім фабрикасы директоры С. Таласпеков.

Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі мен байқаған негізгі мәселелер мен оның шешу жолдары:

  • Cаланың техникалық және технологиялық жағынан артта қалуы. Сырттан келетін жаңа технологияларға НДС пен баж салығынан азат ету керек. Сондай-ақ, мемлекеттік жеңілдікпен тауар сату қарастырылған лизинг компанияларын іске қосу керек.
  • Білікті маман тапшылығы. Кейінгі кезде тігінші, жұмысшыдан бөлек технологияны жүргізетін білікті мамандардың жоқтығы саланың дамуын тежеп жатыр. Себебі өндіріс орындарында жұмысшылар үшін жағдай жасалмаған және жалақы аз. Осының салдарынан оқу орындарын бітірген мамандар зауыт, фабрикаларға жоламайды. Мәселені шешу үшін, білікті мамандарды дайындайтын оқу орындары мен өндіріс арасында дуальды жүйе негізінде теория мен практика қатар жүретін болса, сондай-ақ, әр бір маманға жағдай жасалса, олар өндірісті дамытуға барын салып істейді.
  • Әлсіз менеджмент пен маркетинг. Өндіріс орындарында жүйелі менеджмент пен маркетинг жоқтығы шығарып жатқан тауарларынан көрініп тұрады. Себебі алдын ала тұтынушылардың сұранысын зерттеу, оны анализ жасау, тауар ассортиментін кеңейту сияқты жүйелі жұмыстар стратегиялық жоспарда көрсетілмегендіктен, жағдайда қарап, басшылық өздері шешім шығара береді. Осының себебінен компанияның өнімдеріне деген сұраныс төмендеп кетеді. Маркетинг жасағанда халықтың миына идеологияны құю керек деп ойлаймын. 1933 жылы АҚШ-тың 31-президенті Херберт Хувер (Herbert Clark Hoover) тарапынан Buy American Act атты заң қабылданып, америкалықтардың бәрін АҚШ тауарларын сатып алуға үндейді. Барлық патриот америкалықтар “Buy American! Be American!” (“Америкалық өнімді сатып ал! Американ бол!”) ұранымен отандық өнімдерге қолдау білдіреді. Бізге де “Халық маркасы” сияқты бастамаларды қолдап, жалпы халықтық ұран тастап, барлығымыз отандық тауарларды сатып алып атсалыспасақ, шет елдік компаниялардың экспансиясын тоқтату қиын.

Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Осы мақсатта Қазақстанның өзім білетін бірнеше аяқ киім фабрикаларын жарнамалап жіберуді жөн санап отырмын:
  1. ЖЕТІСУ аяқ киім фабрикасы
  2. ГЕККО аяқ киім фабрикасы
  3. АЛПАМЫС аяқ киім фабрикасы
  4. ЖАМАЛ-АЙ аяқ киім фабрикасы
  5. МАРКО-ҚАЗАҚСТАН аяқ киім фабрикасы

Ал мынау осы аяқ киім фабрикаларының ішінде Алматыда орналасқан ЖЕТІСУ аяқ киім фабрикасына жасаған инфографикам

Блог - NurlanJanai: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Автор: НҰРЛАН ЖАНАЙ

0 пікір

Пікір қалдыру