Жалға пәтер беремін (оқиға)

Осыдан біраз уақыт бұрын телефоныма үздіксіз қоңыраулар көбейіп кетті. Барлығы да жаттап алғандай-ақ " пәтеріңізді жалға бересіз бе?" дейді. Бірақ менің пәтерім болса, жатақханада тұрып нем бар? Бастапқыда барлығына менің пәтерім жоқ екенін, нөмірден қателескенін түсіндірдім. Бірақ ақырында шыдамым таусылды да, пәтерді өткізіп қойдым деп жауап бере бастадым. Қоңыраудың азаятын түрі жоқ. Содан келесі бір хабарласушыдан жарнаманы қайдан алғанын сұрап алдым. Сөйтсем " крыша.кз" сайтынан көрдім дейді. Ал мен өмірімде алғаш рет естіп тұрмын ол сайттың бар екенін. «Жазған құлда жазық бар ма» деп, тексеріп көрдім. Расымен де пәтер іздеушілер айтқан мекен-жайда 2 бөлмелі үй бар екен. Бағасы мен үй жағдайы көңілге қонымды.
Блог - NurgulMahanbetyiyarova: Жалға пәтер беремін (оқиға)
Кейінірек сайт жетекшілеріне жалған ақпарат берілгені жайлы шағым түсіріп, жарнаманы алғызып тастадым. Міне мен осылай 1-2 күнге пәтерлі болып қалдым, әзілдеспек болған достарымның арқасында. Бірақ айтпағым бұл емес.

Осы 2 сағаттың 2 минутында 5 адам, ал бір сағатта 30-дан аса пәтер іздеушілер хабарласты. Бірен-сараны ғана өзге ұлт болғаны болмаса, көбісі өзіміздің қазақтар. Онда да студенттер. Үшеуі — отбасылы. Біреудің көңіліне қарап, қалтасындағы соңғы тиынын пәтерақы мен жарығына, суына төлейтін қазақтардың алдына не жұмыс келсе соны жасамасқа амалы бар ма? Бар ойы айдан-айға үзіліп жететін қарызынан құтылу болатын адамның құқықпен де саясатпен де, экономикаменде шаруасы болмайды ғой. Мұны адамнан көреміз бе? Заманнан көреміз бе? Менің ойыма келген сауал осы болды. Ал сіз не ойлайсыз?

2 пікір

tomarlik
"Үй жоқ қазақтың күй жоқ" осылай мақалдайтын болғанбыз қазір…
MaulenAnerbaev
Блогтық журналистика сабағы өтіп жатқан сияқты ғой)))

Пікір қалдыру