Құдай үшін...

"Құдай үшін", " Алла разы болсын", " Бәле-жаладан оман болуң" деп батасын беріп, кір-кір алақанын созып тиын тілейтін сығандар жоқ бұл күнде.

Атакенттің айналасында," Бәсенов" көшесінен "Әуезов" көшесіне дейінгі аралықта бақандай 6-7 кісі алдына қорапшасын қойып, мына күннің суығында бүрісіп отырады. Оның 3-еуі 70-80 аралығындағы төрінен көрі жақын қарт кісілер. Біреуі дертке шалдыққан қызын қасына алып жүретін қандасымыз. Ал қалғаны кейде ғана қылаң беретін " аяқ-қолынан" айырылған ер кісілер. Студент болғаннан соң, кейде қалтамыз қампиып, кейде — шұрқ тесік болып жүреді. Барында беріп, жоқ кезде, жандарынан жер шұқып өтеміз.
Блог - NurgulMahanbetyiyarova: Құдай үшін...
Қайыр тілеу өзі қайдан шыққан?
Статистика бойынша әлемде 100 миллион қайыршы бар екен. Өркениетті елдерде бұл арнайы кәсіп тәрізді. Көше бойларында жүктерімен жүріп-тұрады. Тіпті Еуропа елдерінде, жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік көмек бар. Сол үшінде ол жақта жұмыссыздар жетерлік. Себебі жеке басына мемлекет берген шағын көлемдегі қаржы жетеді. Ауырса аурухана, тиынсыз қалса- мүсіркейтін қоғам бар.
Ал біздерде белгілі мерзімде ала дорбасын арқалап, баласын бір бүйіріне қыстырып жүретін қара домалақтар мен " Бата бергіш" әйелдердің кәсібі, ежелгі " сыған" яғни «мугаттарға» тән. Себебі олардың ұшарын жел, қонарын сай біледі. Тұрақты мекен-жайы, тіркеуде тұрған елі болғанымен, қанға сіңген әдетін тастамайды. Бұл жандардың қайыр сұрауы — салты. Шекара шырғалаңы да, оқтай қадалған көздер де әсер етпейді оларға.Салтына берік!
Енді өзімізге оралайық! Үнемі назарда жүретін, екі көше бойындағы «отандастарымыздың» саны 6-ға жетсе, бір қаладағы, еліміздегі телміргендер саны қанша болғаны?
Оларға деген қоғамның көзқарасыда алуан түрлі. Бірі- мүсіркесе, бірі -жиіркене, енді бірі- жеңіл жол іздегенше, көше сыпырсада тиын таппайды ма?" деп, біреусі- " бұл кісілер сонда қайда тұрады?" деген сауалдармен жандарынан өтеді. Дінімізде "Қайыр тілеген мүсәпірдің азапты күйін шыбынның басындай қайыр берсең де азайт",- дейді Мұхаммед пайғам­барымыз (с.а.с) Ия, ол жалқаулық танытып, жұмысқа ерініп осы жолға түссе де, тағдырды талқан болып, мұнан өзге таңдау қалмаса да, біздің қолдан келері — тарылмай, титімдей көмек беру. Ал күнә мен қайырымдылықтың ақысын Алла береді. Береріміз болмаса безбүйректік танытып, мұрын шүйірмейік! Барыңмен бөліскенге не жетсін!

0 пікір

Пікір қалдыру