БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Қазақстан тұрғындары демалыста жер көріп, демалу мақсатында жиі баратын үш елі: Туркей (жылына шамамен 200 000 адам), Біріккен Араб Әмірлігі (30 000-ға жуық) және Тайланд (15000-ға жуық). Бізде көпшілікке қосылып осы жылы демалуға БАӘ бардық. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл мақаламда, БАӘ үш әмірлігі, мемлекет артықшылықтары мен кемшіліктері, мәдениеті, БАӘ тұру құны және т.б. қызықты мәліметтерден тұрмақ.

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Осыдан жарты ғасыр бұрын электр тоғы не екенін білмей, інжу тастарын сатумен және түйе өсірумен ғана айналысқан құм адамдарының, қазір экономикасы дамыған елдер қатарында, өздерін жер кіндігі деп атайтындай жағдайға жеткені таң қалдырады. Әлемдегі ең үлкен әуежай, ең биік ғимарат, пальма жасанды аралдары, ең биік сфералық ғимарат, ең көлбеу тұрған ғимарат және т.с.с басқада дүние ғажайыптары осында.

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Егер сіз БАӘ-гінің азаматы болсаңыз, дүниеге келген балаңыз үшін банктен есепшот ашылып, оған 40 000 АҚШ доллары түседі, мектеп, емхана барлығы тегін, оқимын деген жас дүниежүзіндегі қалаған жоғарғы оқу орнын таңдай алады, ал оқу ақысын мемлекет өзі төлейді. Ол аз ба, егер 18 ге дейін ба 22 жасқа дейін ба (нақты жасы есімде жоқ) жанұя құрған жастарға, 2 не 3 қабатты жер үй сыйға тартылады.
Оған қоса, егер басқа ұлт өкілі БАӘ жерінде бизнес ашып, жұмыс жүргізгісі келсе, ол міндетті түрде серіктестікке БАӘ азаматын қосу керек. Ал БАӘ азаматы өз кезегінде пайданың қанша пайызын өз қоржынына салуды, өзі шешеді. Бірақ қазір заң басқа ұлт азаматтарына біршама жұмсарды.
Соңғы екі абзацтан кейін, БАӘ көшіп, сол елдің азаматтығын алуды ойласаңыз, асықпаңыз. БАӘ азаматтығын арабтан туған араб қана ала алады. Көп әйел алу дәстүрі бойынша, арабқа күйеуге шыққан басқа ұлт өкілінің өзіне, некеге тұрғанына 15 жыл өткен соң ғана, азаматтыққа құжаттар тапсыра алады.

Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

БАӘ соңғы халық санағы бойынша 5 миллионға жуық адам тұрады, оның 11% ғана жоғарыда айтқан арабтар. Қалған 89% жұмыс мақсатымен келген басқа ұлт өкілдері. Мемлекетте ғимараттар салынып, туристтер көп келетіндіктен басқа ұлт өкілдері құрылыс, қызмет көрсету салаларында істейді. Оның ішінде көбісі Мысыр, Пәкістан, Үндістан азаматтары. Жұмыс визасы 2 жылға беріледі. Жұмыстан шығып қалып, басқа жұмысқа орналаса алмаған кісі 1 айда мемлекеттен кетуі шарт.
Блог - NazerkeKulzhabay: БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Жалғасы:
www.kulzhabaynazerke.com/2014/07/UAE1.html#more

2 пікір

ZhandarbekZhumagulov
Тамаша! Барлық жағдай жасалғаны ғой… Бұрын осылай деп естуші ем. Керекті ақпаратты алдым. Рахмет сізге!
AssarAssar
4,5 млн халық жергілікті арабтар, қалғаны минранттар. Жалпы саны 9,5млн деп көрсетілген басқа ақпараттарда.

Пікір қалдыру