Ауылдағы есек

Блог - MaulenAnerbaev: Ауылдағы есек«Арам қатқыр, мә саған, мә!». Серіктің күніне ең көп айтатын сөзі осы. Ұрып, соғып жауыр қылған жердің жанын шығарып, қолындағы ағашымен осып-осып жібереді. Байғұс жануар ауырған жағына қарай қисайтып шаба жөнеледі. Соған қарап Серіктің жаны кіріп қалатын. Ауыл баласына есек мініп, көшені шаңдатып жүру кәдімгідей мақтаныш сезімін орнатады, тіпті, көк есек сода ғана бардай. Күнде кешкісін өзі сияқты есерсоқтарды жинап алып, көкпар ұйымдастырады. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ес кірген сайын ережелер де көбейе бастайды. Енді ол бұрынғыдай есегімен еркін шауып жүре алмайтын болды. Көшегі шықса, ЖПП сияқты ысқырығымен көше ересектері тоқтатып алып, штраф жазады. Ол штраф айға емес, бір-екі сағатқа жазылады. Ерер орындалмаса, екі есе штраф төлейсің болмаса, басқада жазалау шаралары жасалады. Қазір Серік шаңдатпақ түгілі, көшеге аяқтың ұшымен де шыға алмайтын болды. Шықса болды, жаңағы инпекторлар жағасына жармасатындай болады да тұрады. Тіпті, түсінен де кетпейтінді шығарды. Ендігі тәтті өмір — көк есектікі, шөпті күйсейді де тұрады, күйсейді де тұрады. Қашып-пұшып жүріп жаңағы көше инпекторының пагоны Серікке де бұйыратын уақыт келді. Енді ол көк есектің де, көк есек мінгендердің де қызығын көретін болады. Мектепті тәмәмдап, үлкен өмірге аяқбасқан Серік — осылайша жазылмаған заңдар арқылы жазылған заңға қарай аяқ басты. Ол кезде рахат қой шіркін, штраф бір жылға созылып, астындағы есегінді ұрмақ түгіл, сылап-сипап жүресің. Шаңды көрсең қашып, шаңсыз жермен жүруге тырысасың. Сондан кейінгі өмірі де осы «сылап-сипауға» арналғандай. Қазір Серіктің сылап-сипаитындары да көбейеген. Себебі, жазылмаған заңның қағидасы бойынша кейін Серікті сылап-сипайтын болады әлі, есек құсап аурған жағына қарай қисайып шауып кетпесе....

1 пікір

AyalaNurzhaubekova
Қазақта АТТЫҢ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙДЫ ДЕСЕ ҚАЗІР есектің құлағыында ойнайтын бопты ғой))))

Пікір қалдыру