PhD-ге түсу жолдары немесе Мен PhD-ға қалай түстім

Малайзияда университетті бітіріп жатқанда, «ары қарай не істеймін?» деген ой туа бастады. Көп шет ел университеттерінде, бакалавр дәрежесін үздік бітіргендерге магистратураны оқымай-ақ PhD-ге бірден түсуге мүмкіншілік береді. Университетті үздік бағалармен бітіріп жатқан мен, оны естіп PhD жайлы ойлана бастадым. Өзім оқып жүрген университеттің неше түрлі профессорларымен ғылыми жобалар жайлы сөйлесіп, әр апта сайын кездесетін апталықтарына қатысып, PhD жайлы толығырақ және сол салада жүрген адамдардың өзінен біле бастадым. Бірақ, көп ойланып және тәжірибелі адамдардың ақылына сүйеніп, бірінші біраз жұмыс істеп сосын ғана PhD-ға түсу дұрысырақ деген ойға келдім.
Блог - MagzhanKairanbay: PhD-ге түсу жолдары немесе Мен PhD-ға қалай түстім
Қазақстанда 2 жыл магистратурада оқып, сонымен қатар болашақ PhD-де оқитын сала бойынша жұмыс істеген дұрыс болар деген жоспар пайда болды. Қазір магистратураның соңғы курсын тамамдау барысында, Computer Vision саласында 2 жыл жұмыс істеп, кезіндегі жоспарымды жүзеге асырдым. Қазақстанда шет елдің PhD-іне қалай түсуге болатынын біреулер білсе, біреулері білмеуі мүмкін. Сол себепті осы жазбамды жазуға бел будым.
Ең бірінші PhD жайлы көп ақпарат жинау мақсатында, PhD-ге арналған блогтарды Хабрахабр сайтынан оқып шықтым. Онда көбісі оқуға қалай түскені жайлы жазған еді. Сонымен қатар, қазір PhD-да оқып жүрген тәжірибелі таныстарымнан ақыл-кеңес сұрап, PhD-да профессор рөлі өте маңызды екеніне көзім жетті. Computer Vision саласында білікті профессорларды табу барысында ТОП 200 IT университеттеріне көз жүгірттім. Ол университеттердің тек Computer Vision-мен айналысатын профессорларына хат жазу менің және басқа да көпшілік студенттердің ең басты тактикасы болды.

Барлығы 2 айда 550-дей профессорларға хат жазып шықтым. Хаттың қысқаша мазмұны: «Сіздің жетекшілігіңізбен ғылыми жұмыспен айналыссақ»-деген мәтінде болды.
Дүние жүзіндегі профессорларға мен сияқты студенттерден хаттың көп келетіні және уақытының тығыздығынан болар, көбісі жауап бермеді. Жалпы 50-дей профессор жауап берді. Оның 40-ы өкінішке орай қазір ақшалай қаржыланатын жобалардың жоқтығы жайлы айтты. Ал 10 шақтысы менімен жұмыс істеуге дайын болды. Бірақ, олар да мені ақшалай қаржыландыра алмайтынын жеткізді. Осы сәтте Болашақ бағдарламасы арқылы кетуге болар еді, бірақ мен біреуге тәуелді болуды қаламадым (достарымның аса ондай тәуелділік жоқ екенін айтқанының өзінде де).
Европа, Азия, Аустралия, Канада, АҚШ университеттері ақпараттық технология саласы бойынша алда келе жатыр. Осы тізімнен АҚШ-қа ғана хат жазбадым. Себебі, АҚШ университеттеріне түсу талабы өте жоғары және оқуға кемінде 5-6 жыл кетеді.
Блог - MagzhanKairanbay: PhD-ге түсу жолдары немесе Мен PhD-ға қалай түстім
Малазияда оқығандықтан болар, сол жерден позитивті жауаптар көп келді. Сол профессорладың бірі университеттің грантына өз кандидатурамды ұсынып көруді ұсынды. Университеттің лауазымды адамдарымен интервью өткізгеннен кейін, PhD-ға түскенім жайлы жақсы жаңалық келді. Келісім шарт бойынша мен онда сабақ беріп сонымен қатар ғылыми жұмыспен айналысу керекпін.
Блог - MagzhanKairanbay: PhD-ге түсу жолдары немесе Мен PhD-ға қалай түстім
Соңында PhD-ға түсуге қызығушылығы барларға, маған кеңес бергендей, сіздерге де мына кітапты оқып шығуға кеңес беремін.

3 пікір

NakoDautbaeva
Болашақ бағдарламасы арқылы түстүсуге болады ма? Биыл магистратураның бірінші курсын аяқтадым. Бітірген соң PHD ға тапсыруға болама екен əлде 3-4 жыл жұмыс істеп бірақ тапсырадыма?
MagzhanKairanbay
NakoDautbaeva Болашақ бағдарламасымен түсуге болады. Бірақ, өкінішке орай, Болашақ бағдарламасының PhD-ге байланысты шарттарын білмеймін.
DzhakaSpring
рахмет! Жақсы жазба! Ізденген жетер мұратқа деген осы!

Пікір қалдыру