Әйелге қырық жан не үшін керек?

«Әйелдің қырық жаны бар» деп жатады дана халқымыз. Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған аталы сөздің ешбірі текке айтылмаған. Әйелге қырық жан не үшін керек? Қырық жаны болса неге сонша нәзік?
Блог - MadinaToken: Әйелге қырық жан не үшін керек?
Әйел болып күн кешу үшін. Әйел адамға әйел болып күн кешудің өзі бір шетінен – бақыт, бір шетінен – салмақта іс. Үйткені, қырық жанның да өз салмағы бар. Әйелдің болмысына сай тұрмыстың қандайына болса да төзіу үшін керек. Олардың физикалық жағдайы әлсіз болғанымен, ішкі жан-дүниесі мен жүйкесі мықты. Әйелдің ғұмырын бойына сіңіріп, әйел атына сай болу үшін де қырық жан керек.
Өзінің қырық жанымен ерінің жалғыз жанына қорған болу үшін. Ер адамның жанының тыныштығы мен жүйкесінің тыныштығына жауап беріп, оған жайлылық орнату үшін де қырық жан керек. Оның барлық мінезі мен қылығына төзіп, көңілінен шығу да көптің қолынан келе бермейді. Ерінің жатса – жастығы, отырса – сүйеуі, тұрса – тірегі болып рухани жақтан оған көмек беріп, сонымен қатар, өзінің әйел затына сай көркем мінезі мен болмысын сақтау арқылы оған жағыну үшін тіпті қырық жан да аз шығар…
Блог - MadinaToken: Әйелге қырық жан не үшін керек?
Дүниеге бала әкеліп, оны өсіру үшін. Жалғасып жатқан тіршіліктің қызығы да, мәні де – бала өсіріп, адам қылу. Өмірге бала әкелгеннен бастап сол баланың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алады. Бала өсіп, өз қолы аузына жеткенше соның қамын ойлайды. Меніңше, бұл бейнетке қырық жан да аздық етеді.
Блог - MadinaToken: Әйелге қырық жан не үшін керек?
Тұрмыс тауқыметіне төзіу үшін. Кез келгеннің бағына бақытты ғұмыр нәсіп етілмеген. Сондай бақытты сәттердің көлеңкесі алыстап, басына бұлт төнген кездерде тұрмыстың бар тауқыметіне төзіп, кез келген болған іске болаттай берік болу үшін де әйелде күш-жігер жетеді. Кез келген қайғыға қасқая қарсы тұрып, болмашыға мүжіліп қалмас үшін қырықтан да көп жан керек.

1 пікір

aida_manarbekovna
Тіршіліктің бар ауыртпалығына шыдайтын аналарымыз аман болсын!

Пікір қалдыру