Көзі көрмегенімен, көкірегі ояу

Әріптестерімнің ықпалымен бейтаныс өнерпаздар әп-сәтте жалт еткен жұлдызға айналады. Қалай дейсіз ғой, ән әлеміне қадам басқан қартты да, бала менен шағаны да солар насихаттайды. Өмірін өнермен өрнектеген өнер иелерін көрген көрермен солармен бірге тыныстайды, соларды әңгімеге арқау етеді. Көрінбей қалса іздей бастайды. Алайда, қоғамда олардан өзге жандар да бар.

Олар кімдер?

Олар, өмірде қанаты қайрылмаған, тағдыр тауқыметіне мойымағандар.
Олар, жүректен шырақ, көңілден шуақ іздейтіндер.
Олар, қайсар құштарлығының арқасында қоғамда өз орнын табуға тырысатын – мүмкіндігі шексіз жандар!

Жұмыр жерді басып жүрген жандардың тағдыры әр түрлі. Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Ресми деректерге сүйенсек, Оңтүстік өңірінде бес мыңнан астам жылуға зәру зағип жандар бар. Солардың бірі – Жуашбаева Гүлхая. Ол туылғалы бері жарық дүниені көре алмай өмір кешуде. 6 айынан 6 жасқа дейін ауруханада өткізген Гүлхаяның көзіне 11 рет ота жасалған. Ем қабылдағаннан кейін көзі толық көрмесе де, әлсіз көретін болды.

«Өзінді кем сезінсең, қоғам да солай қабылдайды».

Блог - KamilaAbdikadirova: Көзі көрмегенімен, көкірегі ояу
Ата – анасы қатарынан қалмасын деп, саулармен бірге мектеп партасына отырғызады. 9-сыныпқа көшкенде көзі мүлдем көрмей қалып, сыныптастарымен жетектесіп барды. Қатарластарының үздігі болды! Ешкімнің шеттетуіне қалмаған. Замандастары әрдайым қолдарынан келген көмекті аямайды. Қайсар қыз байқауларда да бағын сынап, жеңіске ұмтылды. Көркемсөз оқып жырдан шашу шашты, айналасын әуезді әнге бөлеп, жүректерді елітті. Талпыныс жемісін берді. Додада бас жүлдені қанжығасына байлап, жаңа өмірге жолдама алды. Жаны жаралы болса да, жасаған дүниелері жанды. Тіпті, өзгелерге үлгі боларлықтай.

Орта мектепті тамамдаған Гүлхая оңалту орталығына барып массаж курсын оқиды. Алайда бұл мамандық оның көңілін көншітпеді.
Блог - KamilaAbdikadirova: Көзі көрмегенімен, көкірегі ояу
Жоғары білім алуды мақсат тұтып, зағиптар кітапханасынан оқуды, жазуды, сөйлейтін компьютермен жұмыс істеуді үйренеді. Осы кітапхананың іс-шараларынан қалмай, ауылдан арнайы келіп қатысып жүреді. Осында тест сұрақтарына дайындалып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға тапсырады. Қанша дайындықпен келседе, ақылы оқуға түседі. Ұйымдастырушы педагог мамандығын таңдайды. Алғашында жылына 280000 мың оқу ақысын, ауылдағы ата-анасы жіберіп отырды. Гүлхаяның білімге деген құштарлығы болар, мемлекеттік грантты жеңіп алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Оқытушылар болса, кейінгі ұрпаққа үлгі етті.

Бала кезінен жанына өнерді жақын тұтқаны сонша, өзінің қатарластары жанары толық көретін сау жандармен бірге оқиды. Әнге деген құмарлығы оны әрдайым алға жетелейді. Бір ерекшелігі мектептегі, жоғары оқу орнындағы қатарластарының жанары толық көреді. Соларден қалыспай, «Шәмші Қалдаяқов фестиваліне» қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленеді. Сондықтан болар, Гүлхаяға достары әрқашан да көмек қолын созды. Оқуда да, өмірде де. Жанына демеу болып, өмір қиындықтарын бірге еңсеруге үйретті.

Осы уақытқа дейін тағдырына налып, ренжіген емес. Қайта, өмір сүруге деген құштарлығы басым. Маңдайтерімен жасап жатқан дүниелері өзін жігерлендірсе, өзгелерге қуаныш сыйлайды.

2 пікір

MaulenAnerbaev
Дені сау, аяқ-қолы аман (іштері пысып, не істерлерін білмей жүргендерге) үлгі боларлық жан екен, талантына тәнті болып отырмын!
AlmasNakhypbek
Жігіттер мен қыздар, видеоны көрсеңдер, бірден байқайсыңдар, даусы керемет енді!

Пікір қалдыру