Past Simple Tense (Жай өткен шақ)

Past Simple Tense (Жай өткен шақ)

Past Simple Tense (Жай өткен шақ) – өткен шақтағы болған іс-әрекетті білдіреді. Сөйлеушінің сөйлеп жатқан кезінен бұрын болған іс-қимылды осы етістік арқылы тыңдаушыға жеткізе аламыз.
Мысалы:
I finished my homework – Мен үй жұмысымды аяқтадым. (сөйлеуші үй жұмысын өткен шақта аяқтағанын, яғни тыңдаушыға айтпас бұрын өз үй жұмысын аяқтап болғанын жеткізіп жатыр)
The writer wrote his novel last century – Жазушы өз романын өткен ғасырда жазған. (сөйлеуші тыңдаушыға жазушы романын өткен шақта жазғанын айтып отыр)

Regular verbs (Дұрыс етістіктер)
Ағылшын тілінде етістіктерді өткен шақта жазу үшін негізгі етістіктің соңына -ed жалғауы жалғанады.
Мысалы: play → played, watch → watched, work → worked және сол сияқты.
Ал егер де етістік e әрібімен бітсе, соңына тек ғана -d жалғауы жалғанады.
Мысалы: compare → compared, arrive → arrived, paste → pasted және сол сияқты.

Жоғарыдағыдай атап өткеніміздей, өткен шақта -ed/-d жалғаулары қосылу арқылы жасалатын етістіктерді дұрыс етістіктер деп атайды.
Irregular Verbs (Бұрыс етістіктер)
Ағылшын тілінде етістіктерді өткен шақта жазу үшін негізгі етістіктің соңына -ed/-d және басқа да жалғаулар жалғанбастан түбірден өзгеріп жасалатын етістіктер бар. Олардыды бұрыс етістіктер деп атайды.
Мысалы: go → went, write → wrote, come → came, sleep → slept және сол сияқты.
Жоғарыдағыдай атап өткеніміздей, өткен түбірден өзгеріп жасалатын етістіктерді бұрыс етістіктер деп атайды.
Бұрыс етістіктердің жасалауының ешқандай ережесі жоқ. Олардың ағылшын тілінде белгілі бір кестесі бар. Төмендегі кестені міндетті түрде жаттап алу керек.

Блог - English_kz: Past Simple Tense (Жай өткен шақ)
Frequency Adverbs (Уақыт үстеулері)
Ағылшын тілі сөйлемдерінде өткен шақты білдіру үшін уақыт үстеулері қолданылады.
Мысалы: yesterday → кеше, the day before yesterday → алдыңғы күн, last week (month, year, century and so on) → өткен апта (ай, жыл, ғасыр және т.б), two weeks ago (three months ago, seven years ago and so on) → екі апта бұрын (үш ай бұрын, жеті жыл бұрын және т.б) және сол сияқты.
Блог - English_kz: Past Simple Tense (Жай өткен шақ)
Affirmative Form (Болымды форма)
Affirmative (Болымды) Translation (Аудармасы)
I played football yesterday — Мен кеше футбол ойнадым
You started lesson last week — Сен сабағыңды өткен аптада бастадың
He(she) watched TV last night — Ол (қыз не ұл) өткен түнде ТВ көрді
We went to Astana 2 months ago — Біз Астанаға екі ай бұрын кеттік
You gave money the day before yesterday — Сендер ақшаны алдыңғы күні бердіңдер
They worked three years ago — Олар үш апта бұрын жұмыс істеді

Negative Form (Болымсыз форма)
Negative (Болымсыз) Translation (Аудармасы)
I didn’t play football yesterday — Мен кеше футбол ойнамадым
You didn’t start lesson last week — Сен сабағыңды өткен аптада бастамадың
He(she) didn’t watch TV last night — Ол (қыз не ұл) өткен түнде ТВ көрмеді
We didn’t go to Astana 2 months ago — Біз Астанаға екі ай бұрын кетпедік
You didn’t gіve money the day before yesterday — Сендер ақшаны алдыңғы күні бермедіңдер
They didn’t work three years ago — Олар үш апта бұрын жұмыс істемеді
Interrogative Form (Сұрақ форма)
Question (Сұрақ) Answer (Жауап)
Did I play football? Мен футбол ойнадым ба? — Yes, you did Иә / No, you did not (No, you didn’t) Жоқ
Did you start lesson? Сен сабағыңды бастадың ба? — Yes, I did Иә / No, I did not (No, I didn’t) Жоқ
Did he(she) watch TV? Ол ТВ көрді ме? — Yes, he(she) did Иә / No, he(she) did not (No, he(she) didn’t) Жоқ
Did we go to Astana? Біз Астанаға бардық па? — Yes, you did Иә / No, you did not (No, we didn’t) Жоқ
Did you gіve money? Сендер ақша бердіңдер ме? — Yes, we did Иә / No, we did not (No, we didn’t) Жоқ
Did they work? Олар жұмыс істеді ме? — Yes, they did Иә / No, they did not (No, they didn’t) Жоқ

9 пікір

DumanRaimberdiev
шактардын барлыгын толыгымен жазсаныздар жаксы болар еди
SerzhanTursynzada
Агылшын тілін оқыңдар
MadinaBolatbekova
тагыда сойлемдер керек
AluaMaulenova
Формуласы V2+ed ма?

Пікір қалдыру