Сезім...

"Жүрегім өзіме бағынбайтын болды. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршадым. Күнім лезде зып етеді. Ал, түн?.. Кешкі самалмен бірге көрші-қолаңмен әңгіме, жайлаудан оралған сиыр мен қойлар да бар. Ал, түн болса… өтпей қойды", — дейтін жандар көп шығар, иә?
Блог - DinaAbdigalieva: Сезім...
Мына қара қыз ғашық болды, сезімнен басы айналып жүр деген, жалған мәліметті ойдан шығарыңыздар. Түн жамылып отырмын, алдын ала талқылаған ойға емес, дос пен дос ретінде сырласқым келіп тұр. Сіздермен тілдеспегеніме де біраз уақыт болды. Себебін сосын айта жатармын. Тақырыптан ауытқымай, сезім жайлы сөз қозғалық.
Блог - DinaAbdigalieva: Сезім...Жас буынның арасындағы дау-дамайдан бастасақ. Қыз бен жігіт дос бола ала ма? (өзім болады деймін, бірақ менікін санамайық. Өзгелер сөйлесін.) Мектептің табалдырығынан аттамай бір-бірін бес саусақтай жақсы білетін, балалар. Қыз — көрікті де сымбатты бола бастайды. Ұлдар қырындаса, біреумен танысқанда да жан сырласы, досы. Ұл — бой десе бойы, ой десе ойы бар. Шымыр денелі, кез келгенді сындырады делік. Екеуі айнымас дос болады. Кинодағыдай көздерінен шоқ байқалады. Сонда достық біткені ме? Бастары айналады, ғашықтық дертімен уланған. Бірақ бұл алдамшы сезім болып шықты. Бұрынғы бір-бірімен қысылмайтын достардан реніш пен күйзеліс қалды. Сонда достық біткені ме? Жауабы да екеу: иә, жоқ. Көп достарымнан осындай оқиғаларды естуім бар. Аяғы «happy end» емес. Түсінікті шығар. Сезіммен ойнауға болмайды!
Блог - DinaAbdigalieva: Сезім...
Үлгермедім… Кешіктім...Өкіндім.… Кәдімгі ғашықтардың сезімі. Тек ғашықтарға арналған сезімдер ме? Жоқ. Адам үлгермейді қоштасуға, ата-анасына «сүйем» деуге. Адам жұмыстан, автобустан, тойға кешігіп жүреді. Ақ жолдан кешікпей жүрсе игі. Адамды мазалайтын — өкініш. Өткенге өкіну.Жаманы да сол. Сезімді жасырмауға тырыс.
Блог - DinaAbdigalieva: Сезім...Шел басқан көздер-ай!Байқамау… Құрастыру… Қашқақтау… Шексіздік... Біз осы басқа адамды қинасақ ләззат алатындаймыз. Сондағысы сырттай өзіміз қайғыдан қан жұтып жүреміз. Неге? Сылтауға толы сезімді біреу емес, өзіміз құрастырып алдық. Бәрібір бір-бірімізден қашқақтап алысқа жетпейміз. Ортақ достар, айналып келгенде баратын жеріміз бір. Қиындықты айналып жүрмей, керісінше қырсыққанда бірге жүру керек. Сонда ғана аяғы тәтті болмақ. (Әлбетте көпті көрген кісі емеспін, тек бөліскім келді, қатты.)
Блог - DinaAbdigalieva: Сезім...

2 пікір

KulpynaiZh
Достық жайында жаза кетинш) анам үнемі қыз бен жігіттің арасында достық болмайды деп жігіт атаулымен араласқанымды, сөйлескенімді қаламайтын Анамның сөзіне қарағанда, бастан өткен оқиғаларға көз жүгірткенімде… жоқ, болмайды!)
DinaAbdigalieva
Қыз бен жігіт арасында достық болуы ықтимал, бірақ болмауы да мүмкін. Бұл әр адамның санасына байланысты. Шынымен, бастан өткен оқиғаларға да байланысты. Бір қызығы, қыз (ұл) баланы жақсы түсінетін ер (қыз) балалар.

Пікір қалдыру