Асыл бейнең өзгермейді,өшпейді

Соғыстың зардабынан талай отбасы кедейдің халін кешіп, аяулы жандарынан айрылды. Бүгін көптен бері жазғым келіп жүрген тақырыбымды қозғамақпын. Ұлы Отан соғысында мыңдаған, жүздеген қайсар да қорқыныш сезімін патриоттық сезіммен жеңе білген қаһармандарымыз жетерлік. Осылардың бірі менің атам- Ысқақ Сағымбай. Көзінің тірісінде мені көре алмағаны жаныма қатты батады, жүрегімде өкініш сезімінің сызаты бар. Немересінің түкпірінде тұнып тұрған сұрақтарға «Атам тірі болса, өз аузынан оқиға желісін тыңдар едім ғой» деген ой жатыр. Ешкімнен рұқсат сұрамайтын уақытымды өткізіп алмау үшін соғыстың төңірегінде сұрақтарға жауаптарын балаларынан сұрастыра бастадым. Ал ендеше егер дайын болсаңдар атам жайлы баяндайын.
Блог - DinaAbdigalieva: Асыл бейнең өзгермейді,өшпейді
Ысқақ Сағымбай Ысқақұлы — 1923 жылы наурыздың 23 жұлдызында Балықты деген кіндік кескен жерінде дүниеге келген. Әрине орны тып-типыл болып, ең даламен ұштасып кеткен елді мекенді бүгінгі ұрпаққа беймәлім де шығар. Казгородок мектебінен дәріс алып, ФЗО-ға өту үшін қалаға білім жолын қуып келеді. Анамның айтуынша атам Қаныш Сәтпаевтың жүрек тебірентер лекциясын тыңдаған деседі. Әлбетте балдай тәтті қызықтың да шегі болары анық. 1941 жылы соғыс алдындағы дайындықтап өтіп, 1942 жылдың көктемінде алынады. Атам жиырмаға толар толмастан соғысқа аттанады. Самиға есімді қызының айтуынша:

"Әкей, жедел дайындықты Свердловскіде өтеді де алғы шепке, алғашқы сынға кешікпей Курск майданындағы сұрапыл қақтығысқа жүреді. Әкейдің әскери мамандығы минометті-оқтаушы болатын. Кенинскбергтегі шабуылдау алдындағы тәсілдік қақтығыстардың бірінде әкей әуелі бір аяғынан, сонан соң екінші аяғынан қатты жараланады.
Блог - DinaAbdigalieva: Асыл бейнең өзгермейді,өшпейдіЕстуімше атамды естен танып жатқанда мәйітханаға апарып салыпты, тек бір орыс туысын іздеп жүргенде ғана тірі екенін байқапты. Осы қателіктің кесірінен жастық шақтың мөлдір суын іше алмай жиырма үштен аса бергенде екі аяғынан да айырылады. Дәрігерлер кесуден басқа амал жоқ дегені, жас буынға өліммен тең болғандай. Барлығы 1945 жылы жеңісті тойлап жүргенде, біздің үй іші қаралы хатты тосумен болды. Тек бір жылдан соң атамыз отбасына оралады. Ол кезде олар Нұра ауданы, Киевка кентінің қасында "Қызылшілік" атты ауылға қоныстанған. Осы жерден Мыңбай, Дариға, Рымбай, Самиға және Қанағат есімді бес бала шаңырақты толтырады. Осы күнге дейін ол үй бар, тек қыс мезгілінде жиналып қалған қардың әсерінен жолдың жабық болуы жаман. Менің балапандарды қуып, мәзмейрам балалық шағым да осы үйдің қабырғаларында өтті. Ысқақ Сағымбай Ысқақұлы туған жеріне оралғанда мугедек сияқты емес, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендері мен және «Ерлік үшін»,«Германияны жеңгені үшін» медальдардың иегері болып келеді.
Талай жылдар өтседе жоқ аяғы сыздап, сол заманның қорқынышты сәттерді бір еске түсіріп тұратын. Ол кісі 1989 жылдың 15 шілдесінде фәниден озады.
Блог - DinaAbdigalieva: Асыл бейнең өзгермейді,өшпейді
Бұл суретте сол жылдары амандықпен жеңіс туын желбіреткен Нұралық жауынгерлер. С. Ысқақов, Ө. Намысов. Ш. Қоянбаев (солдан оңға қарай)
Ойымды түйіндейтін кезде жетіп қалғандай. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы да келіп қалды. Осы жылы талай мерекелік іс-шаралар өткізілмек. Бәрінен маңыздысы соғысқа дейін және соғыстан кейінгі (яғни қазіргі ) жылдарын санадан бір сүзіп өтіп, қаншама бабаларымыз қорғаймын деп қан төккен жерімізді, елімізді тыныштық мен бейбітшілік үйіне айналдыруымызға бір жұдырықтай жұмыла қоғам болып ат салысуымыз керек.

2 пікір

AkerkeMashzhanova
Дина дұрыс айтасын, сенімен толықтай келісем.Соғыс қаншама отбасыны асыраушыларынан, жақын адамдарынан айырды.Сондықтан, біз ардагерлерімізді ардайым құрметтеп, ешқашан есімізден шығармауымыз керек.Себебі еш алаңсыз бақытты өмір сүруіміз осы ардақты ардагерлеріміздің арқасында.
InabatAbilbekova
Дина, өте жақсы тақырыпты қозғапсың. Иә, тарихтың ақтандақ тұстары көп, соның нәтижесінде Ұлы Отан кезінде талай адамдар «соғыста қаза тапты» деген атпен кітап бетіне түсірілсе, кейбіреулерінің есімі мүлде жоқ. Атаң жайлы дерек білгенің жақсы ғой.

Пікір қалдыру