Талдықорғандағы "бомжатник"

Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
— Ал мына жігіт кезінде асаба болған. Ол ақшасының буынан ішіп кетіп отбасынан да, үйінен де айырылып, бізге түсті. Кейін қайта түзеліп, өз ауылына кетті. Ал мына кісі әйелі қайтыс болған соң ішіп кетіп, үйсіз-күйсіз қалған. Қазіргі күні түзелген соң бала-шағалары тауып, алып кетті. Қазіргі күні жақсы тұрып жатыр, — деп, өздеріне келіп, түзеліп кеткен пациенттерімен Талдықорғандағы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Гүлназ Райымбекқызы таныстырды.

Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
Бұл кісіде ондайлар көп екен. Әрқайсысының өз оқиғасы бар. Енді екі күн далада жатса өлетін болған адам, аталған мекемеге келіп адам болып кеткенін де айтады. Ал ес білгеннен бір фазендада құл болып жүрген жерінен тауып алып келген 13 жасар бала қазір білім алып жатыр. Тағы бір жігіт аспаздық мамандығын алып мейрамханада істейді екен. Онымен қоса сол орталықта тұрып жатқан әйелге үйленген.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

— Ал мына апамызға қараңыздаршы. Кезінде біз көшеден тауып алғанда мынандай кейіпте болған. Қазіргі кезгі суреті сынау. Бұл кісіні аяғынан тұрғызған соң Текелідегі қарттар үйіне тапсырдық. Қазір сол жақта тұрып жатыр, — деп мына суретті көрсетті.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
Тағдырдың тауқыметімен әртүрлі жолға түсіп кеткен жандарды жинап алып, бір жылдың ішінде құжаттарын дұрыстап шығарып салады екен. Құжаттары жасалмай жатқандарды тағы жарты жыл ұстап тұрамыз дейді.
— Біз бұл кісілерді жіті бақылаймыз. Мұнда келгендер бізді мақтайды. Тек бір нәрсеміз ғана жақпайды. Ол — арақ ішкізбейміз. Олар түнде тығып ішетінді шығарған. Оны да түнімен аңдып жүріп алып аламыз. Осыны ғана олар жақсы көре бермейді, — дейд күліп Гүлназ апай.

Жаза берсек бұл мекеме жалы өте көп екен. Риза болатын нәрселер көп. Дәл түскі ас кезінде барып, тамақтарының түрін көрдік. Көптеген әлеуметтік мекемелерге қарағанда жақсы. Тамақтары тоқ
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Спорт алаңы бар
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Мереке кездерінде концерт қоятын сахнадарын да өз қолдарымен жасап алған
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Архивте әр тұрғынның жеке құжаттары тіркеліп, жасалып отырады
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Сыртқа шығып, жүре алмайтын жандар іште тамақтанады. Медбикелер жақсы қарайды деп тұрғындар мақтап жатыр
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Жалпы жатын орын. Тазалық жағы жаман емес
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Ал мына жер жеке палатада жататын жандар үшін. Екінші қабатта екен.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Психолог кабинеті де ұнады. Тренажер, жеке кабинет+адам жанын тыныштандыратын құрылғылар орналасқан.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Ал мына тәпішкелерді өздері тігеді
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

Сонымен қатар, мекемеде тағы бір ерекше жанмен сөйлестік. Ол — Болат аға. Қолынан сурет салу өнері күшті келеді екен. Өмірі де ерекше.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

— Мен 1992 жылы көмір түсіріп жатқам. Бір оянсам ауруханада жатырмын. Түсінбеймін. Бір кезде дәрігерлер қазір 2013 жыл екенін айтты. "Қалайша?" деймін мен. Айнаға қарасам, жас жігіт емес, алдымда қартайған шал тұр. Өзімнің кім екенімді де білмеймін. Қайдан келдім, қалай түстім. Осылайша үш жылдан кейін ғана есім дұрысталып, талдықорғандық екенім есіме түсті. Содан кейін осы мекемеге келдім. Айтпақшы, менің құжаттарым әлі «сәветский». Егер жеке куәлігім жасалса, зейнетке де шығамын. Босқа жатпай жұмыс істеймін деген жоспарым бар. Бәлкім, үйленіп, бала да сүйетін шығармын, — дейді Болат аға.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник
— Бұл жер өте жайлы. Бізді қойшы, өз аяғымызбен жүре аламыз. Ал ана жақта жатып қалған тұрғындар бар. Олардың астын тазалап, памперсін ауыстырып, тамағын беру оңай емес. Соның бәрін осы жердегі медбикелер жиіркенбей, ешкіммен ұрсыспай істеп жүр. Рахмет оларға сол үшін, — дейді.
Блог - Daniyar_Zhanys: Талдықорғандағы бомжатник

— Қазіргі күні бомждар саны 108 болып тұр. Қысқа таман 160 қа дейін жетуі мүмкін. Өйткені биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты түрмеде амнистия жарияланады. Ал шыққандардың көбісінің туған туыстары мен үй-күйі жоқ. Сәйкесінше олар бізге келеді. Соған дайындалып жатырмыз, — дейді Талдықорғандағы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Гүлназ Райымбекқызы.

Біз бұл кісінің атқарып жатқан жұмысына ризашылығымызды білдіріп, сәттілік тілеп, разы болып тарқастық.

0 пікір

Пікір қалдыру