Министрлік шақырып Астанаға...

Аптаның аяғында Ауыл шаруашылық министрлігінде бір топ журналистер мен блогерлерді жинап, жақсы бір отырыс ұйымдастырған болатын.

Оған кілең казнеттің сен тұр, мен атайындары жиналыпты. Көбісі Астанадан. Алматыдан Нұрлан Жанай мен Өміржан Әбдіхалық, Шымкенттен Айгүл Орынбек, Талдықорғаннан мен екенмін.
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...

Оның мәні — жақында қабылданғалы жатқан концепцияда екен. Ол «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2107-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы» деп аталады.
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...
Көлемі өте үлкен. Менің түсінуім бойынша онда барлық сала қамтылған сияқты. Мен тек соның біреуіне, яғни өзімнің жақсы білетін тақырыбыма ғана тоқталайын.
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...
Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясына төрағаның бірінші орынбасары болып келгенде «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» атты тоғызыншы жобаны іске қосты. Оның мәнісі ауыл тұрғындарының жеті пайыздық өлшеммен 6 млн теңгеге дейін несие ала алуын қамтамасыз ету болып табылатын. Мұның мақсаты — ауылдағы он шақты ғана малы бар шаруаның мал басын көбейтіп, өсім жасауы. Бұл жобаны ол кісі ОҚО да жүргенде жүзеге асырып, жақсы нәтиже көрген.
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...
Жаңағы аталған партиялық жобаны бес облысқа пилоттық етіп енгізгенде Алматы облысы, яғни біздер де кірдік. Жылдың екінші тоқсанында қосылған процестің нәтижесі үшінші тоқсанда көріне бастады. Ол кезде бір Жамбыл ауданының өзінде 6 шаруа қожалығы аяғынан тұрып үлгерген болатын. Сосын мен партиядан кетіп қалдым да, қазіргі күні олардың саны қаншаға жеткенінен бейхабармын.
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...
Қазір осы жобаны министрлік 2017-2021 жылға дейінгі тұжырымдамасында басқаша жасамақ екен. Бұрын министрлік тек ірі шаруашылыққа баса назар аударса, қазір 10-20 малы барларға да несие немесе субсидия беру қарастырылуда. Мысалға, жылына бөлінетін (5 млрд деді ма, 2 млрд деді маа, общым сондай көп) қаржының 80 пайызын 20 ғана шаруашылық алып отыр екен. Егер оны бұқара шаруаларға таратып берсе қандай бум болатынын елестетіп көріңізші!!!
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...
Енді осыдан келіп тағы бір мәселе шығады. Ол — барлық халықтың құжатқа келгенде көп ақсайтындығы. Бұған әр ауылды жерде кооперативке бірігу жүйесі жасалуда екен. Кез келген кооператив мүшесіне қаржылай немесе материалды көмек керек болса, кооперативтің заңгері мен бухгалтері бірден құжатын даярлап, банкке керек 120 анықтамасын қолына ұстатып жібереді. Сәйкесінше шаруаның басы ақшаны алып, оны жұмсау ғана ауырады. Ал бұрынғыдай есіктерді тоздыру кошмар болып қалады дейді мамандар.
Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...

Мұндай игі іске біз тек «Алға!» дейміз ғой. Келген қонақтардың дерлігі көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтуды да ұмытқан жоқ.
Кездесу соңында Ауыл шаруашылығы министрлігінде отырғанымызды есімізге салып, қолымызға бір-бір себет ұстатып жіберді. Онда салынған азық-түліктерді Талдықорғандағы жанұям әлі тамсанып жеп жатыр. Келіншегім «Родина» деген қаймақтың құнарлығын көріп, оның біздің қалада жоғына бір өкініп алды )))

Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...

Соңында әдеттегідей бәріміз бірге суретке түсіп, емен-жарқын қайта қауышқанша деп тарқ… Ә, айтпақшы, бұдан шығып тарқаған жоқпыз. Ары қарай біз «Самғау» деп аталатын тек отандық тауарлар павилионына бардық. Бірақ ол енді басқа посттың еншісінде ))))Блог - Daniyar_Zhanys: Министрлік шақырып Астанаға...

0 пікір

Пікір қалдыру