Менің "alma mater-ім"

Мені көпшілік КазГуда оқыған деп ойлайтынын байқап жүрмін. Неге екенін қайдам, солай ойлайтындар көп-ақ екен. Ал мен болсам КазГу түгіл, Алматы қаласында оқымағанмын ғой. Қайда десеңіз, өзімнің ылғи айта беретін Талдықорғанымның ЖМУ, яғни Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде оқып бітіргенмін. Оны бітіргеніме де биыл алты жыл толыпты.

Блог - Daniyar_Zhanys: Менің alma mater-ім

Қаламыз тыныш, оқу орнымыз жақсы еді. Оның үстіне кафедрамыз да әділ болатын. Мүмкін тарихшылар сондай әділ ме, әлде біздің мұғалімдеріміз жақсы болды ма, білмеймін. Әйтеуір пара дегенді көрмей кеттік қой. Экономика факультетінде оқып жүрген сыныптасыммен бір күн жүрем деп мен төрт жыл бермеген ақшамды бол бір күнде өз мұғалімдеріне таратып бергенін көріп «шок болғам». Ол түгіл факультетіміз бір қазақ тілі және әдебиет кафедрасының өзі де сондайға жақын еді. Ал біз болсақ… Кейбір жас мұғалімдер сабақ оқымайтын студенттерге мектептегі сияқты ұрсатын. Ал басқа студенттер сессия кезінде оқытушылардың артынан үйректің балапандары секілді жүгіріп жүруші еді.
Блог - Daniyar_Zhanys: Менің alma mater-ім

Осындай жақсы жерде оқу біз үшін бақыт болатын. Сессия кезінде сенімдісің. Оқысаң өтесің, оқымасаң құлайсың. Аға-көке деп емтихандардан былай-былай өтіп жүретіндер де болатын. Бірақ әркімде сенімділік болушы еді. Оқытушылардың жақсылығын ұмытуға болмайды ғой.

Блог - Daniyar_Zhanys: Менің alma mater-ім

Жоғарыдағы суретте біздің кафедраның мүшелері. Сол жақта тұрған қара көйлекті қыз менің группаласым. Магистратураны бітіріп алып, сол университетте жұмыста. Ал біз сол… Өз қаламызға барған сайын сыртынан қараумен ғана шектелеміз.

P.s. Негізі басқа блог жазам деп бастағам. Бірақ басқа жаққа ауып кетіппін. Жарайды, келесі жазбамды ойлағаным жайында жазатын шығармын.

4 пікір

BerikDzhanabaev
Биз оқыған химия кафедрасы дым пара алмайтын, Соған риза едим. Сондыктан болар 2 группалык 61 студенттен 35и битирип шыққаны. Қалғандары желмен бирге ұшты. Казир солар қайда жур екен
Daniyar_Zhanys
Біздегі аман-есен бітіргендердің жартысының де қайда екенін білмейм мен ))))
BerikDzhanabaev
Бұның қиын екен, биздер шүкір хабарласып тұрамыз
Daniyar_Zhanys
Менің өзімнің араласатындарым бар. Бірақ бәрі қайда екенінен хабарым жоқ. Бәлкім, сендер жақта өздерің бір ел секілді жатуларың әсер ететін шығар. Ал бізге Алматы тым жақсы. Ал Алматыға кірген адамды табу деген…

Пікір қалдыру