Қызық оқиға

Бүгін қызық болды. Алматыдағы 173-мектеп-гиназияда бір інім оқитын. Сол жаздай ауылда болып, қораларының шатырын жауып қайтқан.

Қап-қара болып сыныпқа келсе, оқушылар қайда барып демалғандарын айтып жатыр екен дейді. Сөйтсе менің інім ауылда емес «Египетте дем алып келдім. Содан алған загарым» деп соға сапты.

Оны айтып құтылам ба деген ол, ана жақтағы төңкеріс жайлы сұрап басын қатырған екен. Әрең өтірік жүрдім-бардым жауап беріп жүріп әрең құтылыпты.

Мафиоздықтардың ең көп қолданатын цитаталарының бірі "Өтірік айтатын болсаң, сөзің қысқа болсын" дегені біздің тілмен айтқандағы «Аңдамай сөйлеген — ауырмай өледі» дегенге келеді екен.

Сіз де абай болыңыз )))))

2 пікір

пікір өшірілді
пікір өшірілді

Пікір қалдыру