Дүниеауи сценарийіңіз қандай?

• Егер айына 15 млн теңге табатын кәсіпкердің ақшасын тартып алып, бір тиынсыз қалдырсаң… жарты жылдан соң ол қайтадан 15 000 000 теңге табатын адамға айналады. Түнімен ұйықтамай ма, басқа жолын ба ма, әйтеуір үй-ішіне табыспен оралады.

• Егер «Самрұқ Қазынада» 300 000 теңге айлыққа істеп жүрген жас карьеристі жұмыстан шығарып жіберсе, ол жұмыстан кете сала жан-жақтағы таныстарына хабарласып, газеттерді ақтарып, бастықтармен сөйлесіп жүріп 300 мың теңге айлығы бар жұмыс табады немесе жарты жылда қалай өсу жолын қарастырады.

• Егер «Рамсторда» 70 мың жалақыға істеп жүрген сатушы әйелді жұмыссыз қалдырса, бірінші апта үйінде жылап жатса да, келесі аптадан бастап «Дархан» деген дүкеннен немесе «Айбар» деген дүңгіршектен, болмай бара жатса Барахолкадан айлығы 70 мыңдық орын табады.

• Ал егер түгі жоқ, тамағы мен жатын орнын кез келген жерден тауып жүрген бомжды ұстап алып жуындырып, киіндіріп, оны ешкім танымайтын басқа қалаға апарып тастаса… Оның келесі қадамы қандай болатынын ұққан боларсыз?..

Әр адамның басында «ақша табу сценарийі» немесе «дүниеауи сценарийі» болады.

«Ақша табу сценарийі» — бұл адам өзінде қанша ақша болуы керектігі жайлы ақпарат жиынтығы және табыс табу жолының әдіс-тәсілдері.
• Бомждың ойына жұмысқа тұру келмейді.
• Сатушыға «Самрұқ Қазынаға» резюме жіберу миына келмейді.
• Карьерист өз ісін ашу жайлы ойды қаперіне де алмайды…
• Кәсіпкер үшін қайыр тілеп кету деген өмір сүру режиміне сай келмейді.

Бұл жазба сізді де ойландырған шығар? Ондай сценарий сізде де бар ғой. Ол қандай?

6 пікір

Marfuga
Қызық ақпарат екен. Бұл ақпараттарды қандай негізге сүйеніп жаздың? Ал менің келесі ақша табу қадамыма қандай болжам айтар едің?)))
Daniyar_Zhanys
Марфуға, мен ештеңеге сүйенгем жоқ. Орысшадан аударып шықтым. Ал сенің қадамыңды мен білмеймін ғой. Генри Форд айтпақшы «Сен істей алам десең де, істей алмаймын десең де жөн». Яғни, сен журналистикада жүргендіктен, бір редакциядан кетсең, сәйкесінше басқа редакцияға барып жұмысқа орналасуың мүмкін. ойыңда «Ақшасы жақсы, орны жайлы, жүрген-тұрғаныма кедергі келтірмейтін, шығармашылығымды арттыруға мүмкіндік бар газетке (журналға немесе радиоға) орналассам» деген ойың болуы мүмкін.

Бір шеттен екінші салаға секіріп кететіндер сирек, тіпті өте сирек кездеседі.
LauraSaparbekova
орынды пікір
KuralayRaisova
Шынымен, солай көп жағдайда солай. Адамдар тәуекел етуге қорқады, салынған сүрлеуден ауытқысы келмейді. Алайда, қолды бір сілтеп, өмірін күрт өзгертетіндер де болады. Өз басым кез-келген жұмысты дөңгелентіп алар едім. Әкетемін де. )) Мақтанғаным емес, менің планкам сондай. Және адам қанша жұмыс істегісі келсе, сонша жұмыс істей алады деп ойлаймын. Біздің мүмкіндігіміз өте зор. Бірнеше оқуды да, бірнеше жердегі қызметін де, бала-шағасын да өзінің назарымен қамтып, зор жетістіктерге жеткен әйелді білемін (Бір кезде бастығым болып еді). Тағы бір құпиясын айтайын, ол кісі менен төрт-ақ жас үлкен еді және шетелден келген бизнесмендердің ақысы 1000-2000 доллар тұратын тренингтеріне ақшасын аямай қатысатын.
Daniyar_Zhanys
Сол бір сүрлеуден шыға алмайтындар жер бетінде өте көп. Мен бір кісіге үш жылда төрт бағытқа ауысқанымды айтқанда «Как вы умудрились? Прям от крайности до крайности» деген еді.

Пікір қалдыру