Бензин жайлы блогым

Биылғы жылдың басты жаңалығы бензин болды-ау деймін шамасы. Қашан көрсең халықтың «бензин жоқ» деп жылап жүргенін көресің. Ал бірақ алдыңғы бір блогымда жазғанымдай, қалада кептелістің азайғанын да көре алмай жүрміз. Осы жанар-жағар майдың жетіспеушілігін естісем, бала кездегі бір эпизод есіме сақ ете қалады. Ол кезде тіпті қиын еді ғой. Тек бензин-солярка ғана емес, жейтін де ештеңе табылмай қалатын кез.

Бір күні соғыс кино көріп отырғанбыз. Бір кезде жүріп келе жатқан танк аударылып қалды. Бірақ шынжыртабаны тоқтамастан айналып жатыр. Дыррр-дырр етеді.

— Ана танк неге өшіп қалмайды? — деп сұрадым мен.
— Оның бензині біткенше солай оталып жатады, — деді әкем.
— Ал оның соляркасын неге құйып алмайды? — деймін мен. Осы сөзіме әкем бір қарады да ештеңе демеді. Мен сол қалыпта түсінбестен қалдым. Менің ол кездегі заманымда бір литр солярканы шамға құйып қойсаң, ол бір ай жанатын. Ал мына жерде жоқ дегенде 40-50 литр солярка босқа жанып кетейін деп тұр. Осыны бірнеше жыл түсіне алмадым.
Блог - Daniyar_Zhanys: Бензин жайлы блогым
Кейін, есейе келе, соғыста «байтал түгіл бас қайғы» екенін түсіне бастадым. Ол жақта тірі қалсаң, соның өзі олжа екеніне көзім жетті.
Заман түзеле келе тарыққан заманды ұмыттық. Бірақ сол кез де жаман емес еді. Ал қазіргі жоқ деп жылайтындарды мүлде түсінбеймін. Жылайтындар көп. Ал қазір өкімет әйтеуір жұмыс жасайды ғой. Мысалы, осы аптада Қазақстан бойынша 37 мың тонна бензин әкелінеді екен. Ал оның он бесі тікелей Алматыға жеткізіледі (біздің қуанышымызға орай, әрине).
Блог - Daniyar_Zhanys: Бензин жайлы блогым
«Алматыда бензиннің болмауына жекеменшік май құю бекеттерінің қожайындары кінәлі», — депті мамандар. Олар нарықтағы жағдайды ескеріп, қордағы бензинді бір айға жеткізуі тиіс болған. Соның салдарынан жанармай уақытынан бұрын таусылып, зардабын халық тартып отыр.

Ал негізгі себепке келер болсақ, Қазақстан қазіргі жағдайда Ресейден жанармайды 20-25 пайызға қымбат бағамен сатып алып жатыр. Оның ортасындағы айырмасын "ҚазМұнайГаз" төлеп отыр. Мұндай үлкен шығыннан қашу үшін "ҚазМұнайГаз" Әзірбайжаннан 6 мың тонна бензин сатып алуға келісім жасапты. Алты мың тонна бензиннің үш мыңына ақша төленіп те қойған. Бірақ, Әзірбайжан елінде жоғарғы сападағы жанармай тапшы болғандықтан келісім жүзеге аспауы мүмкін. Дегенмен, басқа елдермен байланыс жасау әрекеті әлі де жалғасып келеді.

Жаңалық қарап отырғанымда бір сарапшы: «Біріншіден бағасының қымбаттығына қарамастан, Ресейден бензин тасымалдауды көбейту керек. Одан кейін бізге бензин беруге Түркіменнің мүмкіншілігі бар. Ұзақ мерзімге бензинмен қамтамасыз ете алатын Иран елі. Иранда жанармай бағасы бізге қарағанда 3-4 есе арзан», — деді. Оның аты жаңылыспасам Т.МЕҢДІБАЕВ болуы керек.
Блог - Daniyar_Zhanys: Бензин жайлы блогым
Айналып келгенде, күздің басында В.ШКОЛЬНИКтің: «Бензинді үнемдеу үшін бір аулада бір жаққа қарай жұмысқа баратындар бір көлікпен қатынай тұрсын. Осылайша біз үнемдей аламыз» дегенін орындау керек шығар. Бұл сөзім қалжың әрине.

Дегемнен, менің өз жобалауым бойынша, қыста бензин аса қажет бола қоймайды. Өйткені, көптеген өндіріс орындары тоқтаса, екіншіден қыздар қауымы көліктерін гаражға кіргізеді. Өйткені «тайғақта көлік айдау қиын». Басқаларын білмедім, менің таныстарымның көбі солай істейді. Үшінші бір себеп, қыстық дөңгелек ала алмаған жүргізушілер де өз көліктерін қоя тұруға мәжбүр болады. Өйткені, тайғанап барып біреудің артына кіріп кеткенше, жұмысқа жаяу жүріп қатынаған жақсы.

Общым, қыс біткенше бізге бензин тапшылығы біліне қоймас деген сенімдемін. Солай болсын да. Өйткені, бар болған жақсы ғой. Жоқ болғаннан… Жоқщылық замманың балалары едік, оны да сәл ұмытайын дедік пе?!

2 пікір

AlmasNakhypbek
Үйленіп, үй болған адамның талқылау тақырыбы да өзгереді деседі. Рас та шығар. Пайдалы жазба! Жарайсың Даке!
SUN
Общым, қыс біткенше бізге бензин тапшылығы біліне қоймас деген сенімдемін. Солай болсын да. Өйткені, бар болған жақсы ғой. Жоқ болғаннан… Жоқщылық замманың балалары едік, оны да сәл ұмытайын дедік пе?!
дәл айттыңыз! разымын !)қуанып қалдым.

Пікір қалдыру