Әскери өмірдегі лақап аттар

Әскерде болған адамдардың лақабы болмауы мүмкін емес. Өйткені ол жақта күнделікті бірсарындылықтан, күнде көретін бір жерде жүрген соң басқа да (разнообразие) ермектер керек болады. Ол көбіне юмор. Ал юмордың әскердегі бір түрі лақап атпен байланысты. Бір-біріңді қағытуға, қалжыңдасуға таптырмайтын "құрал".

Лақап аттың мазмұн-мағынасы көптеген факторларға байланысты. Кей кезде адамның кездейсоқ бір ситуацияға түсіп қалғанының арқасында да қойыла салады. Кейде оның фамилиясына, гражданкада істеген қызметіне байланысты болады. Сирек жағдайларда ғана лақап ат адамның мінезі мен жүріс-тұрысына қарап қойылады. Жалпы алғанда әскерде лақап ат бәріне тиесілі.

Күнделікті бірсарынды тұрмыс салты мен бір формада ғана жүретін ондаған, жүздеген сарбазды бір-бірінен индивид жасау үшін де осындай нәрселер керек. Сарбаздың лақабы қаншалықты ерекше болғаны — оны көпшіліктен ажыратуға соншалықты көмек болады. Мен бүгін есіме түскен осындай ерекше лақаптарды жазып шығайын. Қызық болар.

Әскердегі жаңа келген сарбаздарға белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты қойлатын ортақ лақаптар бар. Олар — Амбал, Шал, Жылтың, Мұғалім, Танкист және т.б. Мұндай лақаптардың себебі олардың жас ерекшеліктері және бой ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы «шал» деген жасы өтіп кетіп, бір жағдайларға байланысты әскерге кеш келгендер. Осыдан он жылдай бұрын 21-22 жаста келген сарбаздарға «аталары»: «Армияға жаяу жүріп әрең жеттің бе?» немесе «Еңбектеп келдің бе?» деп прикол ұстапты. Ал біздің (2008-2009 жылдары) барған шақта 21-22 жас деген орташа жас ерекшелік болып қалған екен. Өйткені төрт жыл оқу оқып, әскери билет үшін келгендер жетерлік. Егер мен он жыл бұрын әскерге барғанымда мен де «шал» атануым мүмкін еді. Дегенмен бес жас баласы бар 24 жастағы шындығына келгенде «шал» болды.



Сонымен кеттік:

Амбал – көбіне кіп-кішкентайларды «титтей» дегенннен гөрі зорайтып көрсету үшін айтылады. Кей кезде әр ротада осындай бір-бір амбалдан болатын кездер де кездеседі.

Танкист – бұл лақап та амбалдың бір түрі. Кішкентай болған соң танкіге сиып кетеді деген түсінік бар.

Мұғалім – бұл лақап жоғарыда айтылғандай жоғарғы оқуын тәмәмдап келген мұғалім мамандарға қойылады.

Жылтың – бұл кез келген адамның тілін, өзіне керегін тауып, «аталардың» да, офицерлердің де алдын орап жүретіндерді айтады. Бұлар әдетте таяқ та көп жемейді.

СВД
Мен өз призывымдағы (сіздерге қалай екенін білмеймін, мен үшін) қызықты лақаптардың қалай қойылғанына және не себепті екеніне көшейін:

Кризис – бірінші күнгі аталармен таныстық жүріп жатқан. Атамыз тұрып бір балаға сұрақ тастады: «Сен мамандығың қандай?» «Экономист». «Экономика жайында бірдеңе айтшы» «Ну-у, қазір кризис қой» «О! Сен бүгіннен бастап кризиссің!». Бітті.

Хирург – Мед.колледжді бітіріп келген жігітке қойыла салды. Бірақ осы атау айтқанға да, ажыратқанда да ерекше болатын.

Булочка – Батон дейтін бізден ерте келген сарбаз бар болатын. Сол өзінің духын жанына күнде ертіп жүрген соң оны басқалар прикол ретінде «булочка» атап кеткен. Міне солай!

Банкир – Бұл лақап та өз иесіне «Банковское дело» оқығаны үшін жабысып қалды.

Проводник – Теміржол станциясында жұмыс істейтін жігітке қойыла салды.
«Рельсы, рельсы. Шпалы, шпалы.
Поезд едет опаздалый» — дейтін өлеңді жақсы айтушы еді.

Апчикур – Бұл атау бұрын осындай лақаппен біреу қызмет етіпті. Соған ұқсаған соң қойыла салды. Аты көмектесті ме, әлде өзі сондай ма, бұл жігіт кез келген жерде активист болып кете беретін. Көзге тез түсуші еді.

Чайна – «Made in China» деген жазуды бәріңіз білесіздер. Ал лақап иесі Қытайдан келген оралман болатын. Сондықтан осы атау жынды болып тұра қалды.

Терадактель – Бір күні ротада отыр едік, бір атамыз «осы ұшып жүретін мұрны ұзын динозаврды не деп атайды?» деді. Бір дух жылдам «Терадактель» дей қалған еді, «Ия, сенің бетің соған ұқсайды. Сен Терадактельсің» деді. Жабысты деген сол.

Скорпион — Иығындағы татуировкаға байланысты қойылып кеткен ат.

Люис – бұрын қараларды Тайсон деуші еді ғой. Кейін тайсон жеңіліп қалған соң қараны Льюис деп атай салатын болыпты.

Циклоп – Бұл лақап енді шынымен өз атауына сай. Өйткені еңгезердей жігіт болды бізде. Кинодағы Циклоптардан айырмашылығы – тек екі көзінің болуы ғана еді. Сондықтан бір жыл бойы лақап өз атауын өз деңгейінде ақтап шықты.

Ал мен болсам Историк болдым.

2 пікір

Shapagat
Қызық екен…
Aksholpan
Лақап аттары қызық әрі күлкілі екен. Әсіресе Чайна.

Пікір қалдыру