Махаббаттан үміт үзбеңдер!

Махаббат деген әлемдегі ең керемет нәзік сезім. Махаббатты сезінген адам өмірдегі ең бақытты адам деп есептеймін. Себебі ол сол бір тәтті сезімге ие болады.

Махаббат туралы Нұржан Арыстанбековтың кереметтей өлең шумақтарын келтіріп кетсем.

Сенемін махаббатқа
Сенемін махаббатқа, жүрексіз жан емеспін,
Табам деп бақытымды, қайғымен ерегестім.
Жолында өмірімнің, жолықты талай ару,
Қоспаған тағдыр шығар, кінәлі мен емеспін.

Келемін өмір сүріп, ішінде сан елестін,
Торынан ойларымның, түндері өлең естім.
Жарымды жолықтырам, кешігіп келсе дағы,
Сынасын өмір мейлі, сабырсыз жан емеспін.

Махаббаттың үміт отын жандыратын бірнеше суреттерді назарларыңызға ұсынамын.


1. Әйгілі «Таймс-сквердегі сүйісу» атты суретті жаңартқан жұп.

2. Ер кіс өз сүйіктісіне гүл сыйлауда.

3. Мүсінші Ален Лэбуалдың жанұялық альбомындағы суреті.

4. 98 жастағы Дональд Смитерман өзінің жұбайы Марленді сүюде.

5. Сент-Эндрюс шотландтық университетінің студентері көпіршік атысу ойынында сүйісуі.

6. Әкесі мен қызы бұрыңғы суретті анасының өлімінен кейін қайта жасап түсірді.

7. «Ванкуверлік махаббат» — сурет 2011 жылдың 15 маусымында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген.

8. Торнадодан қираған үйлерінің үйіндісінің үстінде тұрған жанұялық жұп.

9. Украинада болған Еуропа біріншілігінде француз жанкүйерлерінің ойын алдындағы сүйісулері.

10. Марокко астанасы Рабат қаласындағы парламент ғимаратының алдындағы екі жұпты сүйістірмес үшін ажыратпақшы болған еркек. Ол жұп өз сүйістерімен қоғамдық орында сүйісуге тыйым салатын заңға қарсы наразылығын білдіртеді.

11. Норвегиядағы экологиялық қозғалыстың белсенді жұптары күн ваннасын қабылдап жатыр.

12. Бұл әйелдің күйеуі бақилық болғанымен, әр күн сайын күйеуінің суретіне қарап тамақтанады.

13. Тейлор Моррис өз аяқ-қолынан соғыстағы жарылыстан айырылып қалған. Оны көтеріп жүрген әйелі Даниэлла.

14. 88 жаста үйленген қытайлық қос ғашық.

15. Филиппиндік екі жұп су тасқынына қарамастан өз тойларын өткізуде.

16. «Сэнди» дауылынан кейін қираған үйінділердің арасынан жанұялық мұрағатты тапқанына қуанып жатқан екі жұп.

17. Оңтүстік Кореяда бір сәтте 5 000 жұп үйленген екен.

Махаббат — ол ұлы сезім. Өмірде екі жұп бірін-бірі түсініссе, сенсе, арада сыйластық болса міне сол махаббат. Оны тек ғашық бола білген адам ғана ұға біледі. Меніңше, бұл сезім барлық адамның басынан мейлі жас кезде, орта жаста немесе кәрілікте, әйтеуір бастан өтеді. Сол үшін бір-бірлеріңізді ренжітудің орнына, бағалай біліңіздер!

1 пікір

madina
Соңғы сурет ужыс екен… Қазақтардада бір сағатта осынша адамдар отбасы құрса, шекарамызда қазақ көбейіп, өзімізді қорғар едік.))

Пікір қалдыру