Қаржы нарығын не күтіп тұр?

2007 жылы басталған әлемдік қаржылық дағдарыс салқыны Қазақстанда қанша уақыт сақталып тұратынына әркім әртүрлі болжам жасады. Дегенмен, дағдарыстың дәрмені бітіп, қаржылық ахуалдың тұрақтана түскенін елдегі банк нарығынан анық аңғаруға болады. «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігі әзірлеген банктер ренкингі-ақ 2013 жылдың басынан бері аталмыш сектор жанданғанын көрсетіп тұр. Бұл жандануды негізінен 3 процеспен сипаттауға болады: мемлекеттік меншіктен шығу, бірігу және қайта құрылымдау. Бір қарағанда, мұның бәрі әр банктің өз қаржылық әлеуетін көтеруі үшін жасалып жатқан шаралар секілді көрінгенімен, бұл процестің бәрі Ұлттық банктің 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту концепциясы аясында жүргізіліп жатқанын айқын аңғаруға болады: қаржы институттарының саны қысқарып, ірілене түсуде.

Блог - Daniyar: Қаржы нарығын не күтіп тұр?

Ал енді биылғы және өткен жылы қаржы институттары «бастан кешкен оқиғаларға» кеңірек талдау жасап көрелік. Әлқиссадан бастасақ, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш ірі банк – БТА, Альянс банк және Темірбанкті мемлекет қарауынан шығару жөніндегі тапсырмасы салада үлкен қозғау туғызды. Еске түсіре кетсек, Президент бұл міндетті 2013 жылдың аяғына дейін іске асыруды тапсырған болатын. Соған орай, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қоры ұсынысымен БТА банкінің акцияларын Халық банкі сатып алуға ұйғарды. Алайда алдын-ала зерттеулерден кейін Халық банкі бұл ұсыныстан бас тартып, ойынға кәсіпкер Кеңес Рақышев пен Казкоммерцбанк араласқан болатын. Тараптар мәмілеге келіп, Казкоммерцбанк пен БТА банктің бірігуі сәтті жүзеге асты.

Блог - Daniyar: Қаржы нарығын не күтіп тұр?

Ал Альянс пен Темірбанктің акцияларын алуға кәсіпкер Болат Өтемұратов келісім беріп, оның меншігіне Альянстың 79,88%, ал Темірбанктің 16% акциялары өтті. Рас, дағдарыс жағдайында банкрот қаупі төнген бұл қос банктің қауқарына көптеген қаржы институттары сенімсіздік білдірсе де, Болат Өтемұратов оларды алдыңғы қатарлы банктер қатарына қосуға уәде берді. Ол үшін қалалық банк болып есептелетін Альянстың қызметін ол республикалық деңгейге шығармақ. Яғни, алдағы уақытта бұл банк бұкіл республика бойынша несие беріп, шағын және орта бизнесті қаржыландыруы әбден мүмкін.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұлар – қаржы институттарының мемлекет меншігінен шығу процестері. Бұдан бөлек, қаржы институттарына аса ерекше ықпал еткен тағы бір үлкен оқиғаны атап өтуге болады. Ол – зейнетақы жүйесіндегі реформа мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы болып табылады. Өйткені, көптеген екінші деңгейлі банктер үшін негізгі табыс көздерінің бірі болатын. Айталық, Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры – банк кірісінің төрттен бірін құрайтын. Тиісінше, мемлекеттің зейнетақы қорларын өз қарамағына алуы – көптеген банктерді жұмыс бағыттарын қайта қарауға мәжбүрледі. Өкінішке орай, олардың бәрі бірдей бұл өзгерісті тиімді пайдалана алған жоқ.

Блог - Daniyar: Қаржы нарығын не күтіп тұр?

Әлбетте, қаржы институттарының жағдайын сөз еткенде, жыл басында орын алған теңгенің құнсыздану оқиғасын да шет қалдыруға болмайды. Бұған дейінгі девальвациядан кейін жеке және заңды тұлғалар да депозитін теңгеде емес, шетелдік валютада сақтауға ұйғара бастаған болса, биылғы құнсызданудан кейін бұл процесс бірнеше есе жылдамдап кетті. Ал керісінше, тұтынушылар несиені теңгемен алушылардың саны өсті. Бірақ, несие алушылар саны күрт кеміп кетті. Оған құнсызданудан бөлек, несие беруге қатысты Ұлттық банктің шешімі де қатты әсер еткен болатын. Еске түсірсек, Ұлттық банк бір жылдағы проблемалы кредиттерінің үлесі 30%-дан асып кеткен банкке одан ары кредит беруге тыйым салған болатын. Одан бөлек, кредит алушыларға да талап күшейді: несие алушының ай сайынғы қарыз бойынша төлейтін сомасы айлық жалақысының 50%-нан аспауы тиіс. Міне, осындай себептер де несие беру нарығында жеке тұлғаларға кредит беру көлемін кемітіп жіберді. Kaspi bank, Kassa Nova, Хоум кредит сынды банктердің «Эксперт РА Қазақстан» агенттігі жасаған ренкинг тізіміне енбей қалуы да осы себепті болатын. Қазіргі таңда несиелеу нарығы негізінен шағын және орта бизнесті несиелендіру арқылы ғана тоқтамай тұр десе де болғандай.

Міне, 2013 жыл мен 2014 жылдың басы осындай алақұйын өзгерістерге толы болып, ірі екінші деңгейлі банктер бірігумен әлек болып жатқанда, олардың бәсекелестері де қарап қалған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, шетелдік қатысы бар банктердің дамуы әлі де бұрынғысынша алдыңғы қатарда. Солармен қатар, кішігірім банктер де активтерін күшейтіп, біршама ес жинап алды. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын Қазақстандағы 3 ірі банктің үлесіне барлык банктік активтердің 54,7% тиесілі болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 41,7%-ға азайды. Себеп – қаржы секторының орта және шағын ойыншыларының күш алуы.

Блог - Daniyar: Қаржы нарығын не күтіп тұр?

Сондай-ақ, проблемалық кредиттердің де бұған себеп болатынын жасыра алмаймыз. Мәселен, АТФ банктің проблемалық кредиттері 41% құраса, Казкоммерцбанкте – 35% (бірігуге дейін), Нұрбанкте – 28%. Ал шетелдік қатысы бар банктерде мұндай проблемалы кредиттердің үлесі төмен, ол банктердің дамуының оң динамикасына басты себеп. Айталық, Еуразиялық банкте – 8,9% болса, Цеснабанкте – 3,5%, Сбербанкте – 1,8%. Ал Қазақстандағы Қытай банкінің клиенттері, тіпті қарыз емес, керісінше, бұл банк қарыз беру жөнінен алдыңғы қатарға шығып отыр: 2013 жылы банк 8,8 млрд теңге көлемінде несие берген.

Байқағанымыздай, қазақстандық қаржы нарығында үлкен реформа жүріп жатыр. Жоғары атап өткеніміздей, мақсат – бәсекеге қабілетсіз институттарды жойып, не біріктіріп, «шортан» ойыншыларды ғана қалдыру. Бұл – мемлекет қойып отырған тапсырма. Мерзім – 2030 жылға дейін. Демек, реформа енді ғана басталды деген сөз. Тиісінше, алда әлі талай қайта құруларға куә болатынымыз анық.

4 пікір

Daniyar_Zhanys
Дағдарыс қашан болады деп болжануда?
Daniyar
Болмайды деп тілейікші!
JeanSpeer
Егер сіз іскерлік ер немесе әйел бар ма? Егер сіз өз бизнесін бастауға қаражат керек пе? Егер сіз борышты өтеу немесе сіздің шоттарды төлеуге немесе жақсы бизнесті бастау үшін қажет қарыз? Егер сіз жобаны қаржыландыру үшін қаражат қажет пе? Біз 3% Біздің тамаша пайыздық ставка бойынша (жеке адамдардың, компаниялардың, Риэлторлық жəне заңды тұлғалардың) қандай да бір соманы және әлемнің кез келген бөлігіне кепілдік берген қарыз бойынша қызметтерді ұсынады. veronicaprovisionfunds@hotmail.com: қолдану және қосымша ақпарат алу үшін төмендегі Электрондық пошта мекенжайына жіберуге жауап
Kossatikoff
Сіздердің назарларыңызға, біз бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді ұйым болып табылады, біз әрбір адам өзінің қаржылық мәселелерді шешуге, сондай-ақ оның қарыздарын төлеуге, сондай-ақ өз жобаларын жүзеге асыруға көмектесу үшін осындасыз. Сіздің барлық қаржы проблемалары алу үшін бізге хабарласыңыз, Email: (aides.financements@gmail.com)

Бұл хабар жасау үшін сіздің мотоцикл сатып алу үшін сіздің автокөлік сатып алу үшін, Сіздің бизнесіңіз үшін, жеке және мемлекеттік компаниялардың және сіздің үй қаржыландыруды қажет барлық компаниялардың сияқты барлық адамдарға арналған Сіздің бизнес, сіздің жеке қажеттіліктері үшін, сіздің қарыздарын қайта қаржыландыруға және төлеуге, біз қаржылық сарапшылары болып табылады, біз қазір бар қызығушылықпен 8.000.000 Еуро 2000 еуро қолайлы ақшалай несиелер ұсынады бірі болып табылады жылына 3%. Сіздің тапсырыстар үшін мені хабарласыңыз, Email: (aides.financements@gmail.com)
Email: (aides.financements@gmail.com)

Пікір қалдыру