Евровижн-2015. Монс. Швеция!

Блог - Daniyar: Евровижн-2015. Монс. Швеция!

«Біз өз заманымыздың қаһармандарымыз!»
Дәл осы мағынаны Еуровижн-2015 ән байқауының жеңімпазы болған Монс Зелмерлёвтың «Heroes» атты әні білдіреді деп отырып, қаймағы шыққан тақырыпты қозғап отырмын.


Еуровижнді мен сонау Биланның қатысуынан бастап үзбей көріп келемін. Әр жыл сайын байқауға қатысатын әрбір қатысушы елдің әншілері туралы мәлімет оқып, әндерін тыңдап көретінмін. Тек алдыңғы жылғы Еуровижнді онша көре алмадым. Ол кезде жеңімпаз Кончита болды. Әрине оның әні мен орындауы басқаларына қарағанда мықты шықты. Тіпті Кончитаны халық таңдады. Дауысты әр елдердегі көрермендер мен әділ-қазылар береді. Демек оның жеңісі әділетті болды.
Алдыңғы аптада 19, 21, 23 мамыр күндері Австрия астанасы Вена қаласында жылдың ең үздік ән байқауы Еуровижн өтті. Бұл 60 жылдың мерейтойлық байқау өте ерекше өтті. Жүргізушілер ән айтты дегендей.

Арада үш жыл салып, тағы да Швеция жеңді. Лоринның ізін қуушы Монс осы ретте «Heroes» атты туындысымен көрермендерді тәнті қылды десек болады. Оның әні мен орындауынан бөлек, артында компьютерлік графикасы маған қатты ұнады. Өте ОРИГИНАЛДЫ.

Сөйтіп букмекерлер үмітін ақтамақ болған италиялық «Il Volo» тобы 292 баллмен 3-орынды алды.
2-орынды көптің жүрегін жаулаған, миллиондардың дауысын жеткізген ресейлік Полина Гагарина 303 баллмен алды.
Ал швециялық Монс Зелмерлёв 365 баллмен уақытынан бұрын жеңімпаз атанды.

Бір қызығы бұл байқауға Еуропаға жатпайтын елдерде қатыса беретін болса, осы жылы сонау Антарктидаға жақын Аустралия елі қатысты. Қатысып қоймай, дауыс беру қорытындысы бойынша 5-орынды бірақ алды. Бұл олар үшін үлкен жетістік болып, келесі жылы тағы қатыспақшы ойлары бар екен. Онымен қоса, Қытай елі де қызығушылық танытып отыр. Қытай елінің жолдауына Еуропалық Телевизиялық Одақ олардың қатысуын қолдап, жаңа қатысушыларды бұл байқауда көргілері келетінін айтқан. Мына түрімен Америкағада жетеді бір күні. Сөйтіп бұл Eurovison Song Contest емес, Worldvision немесе World Song Contest деп атауын өзгертуі мүмкін.
Қазіргі таңда Қытай, Үндістан, Иран, Бразилия, АҚШ, Канада және Аустралия одақтың ресми серіктестері болып табылады.
Блог - Daniyar: Евровижн-2015. Монс. Швеция!
Қызық, Қазақстан неге қатыспайды. Бұл сұраққа толыққанды жауап таба алмадым. Негізі 2012 және 2013 жылдары Қазақстан байқауға қатысуға өтініш бергенін оқығам. Бірақ Еуропалық Телевизиялық Одақ ол өтінішті кері қайтарған. Себеп? Менің ойымша Қазақстан телевизиясы еуропалық стандартарға сәйкес емес, еліміздегі шоу-бизнес атмосферасы дамымаған немесе одақтың ел үкіметі арасында біршама келіспеушіліктер бар сияқты. Енді бірнәрсе қылып, Қазақстан бұл байқауға қатысуы керек. Бұл арқылы еліміздің музыкалық мәдениетін кішкене болса да көтерілетін болады.

P.S. Мына әнде маған ұнап қалды.

0 пікір

Пікір қалдыру