''Тықпаланған'' қыртпа жазба…

Бiссiмiллә!
Жазбағалы да көп болыпты, Муза шешей мүлгiп жүр. «Шабыт» деген бәлесiн шашар емес. Амал не, жарым түнде шақыруға тура келдi. Санада сансыз ойлар жүргенiмен, соны пернетақтамен теруге соңғы кезi мүлдем құлық жоқ. Бойымдағы 0-де бiрнәрсе миллиграмм «ерiншектiк» деген дүние етек-жеңнен тартып, иыққа пылотны отырып алған. Оның үстiне Нәпсi бығаттың ударларына төтеп бере алмай, ерiк берiп қойып жүрмiз. Әлқисса, не керек, әйтеуiр шаң-шаң болған пернетақтаны қолға қайта алдық, тықылдатып бiрнәрсе жазбаққа ниеттендiк. Айтпағымыз не, әрi қарай кеттiк…

Бүгiн «Байланыс және ақпарат қызметкерлерiнiң күнi». Диплом алмасақ та, «болашақ журналист» деген есек дәме атағымыз бар. Осыдан 1 жыл бұрын, бала арманмен байыбына бармай, «тiлiң бар сөйлей аласың, қаламың бар жаза аласың» дегенге әдебиет оқып, журналистикаға түскенбiз. Кейде ұяласың, «журналистпiн» деп жиын-тойдан қалмағаныңмен, iлiп алмақ түгiлi жазған бiр мақаламыз жоқ. Бала кезде «Ұлан» мен «Балдырған», «Айгөлек» пен «Мөлдiр бұлақтың» тiзесiн шығарманымызбен ес бiлгелi бiр газет яки журналға көз салмаппыз. Қайта ҚТЛ-де жүргенде «Заманды» зырылдатып оқып, бiраз сауат ашып, қазiр адам болып отырмыз.

Жә, айтарым ол емес едi… БҰТ-тан өту науқаны аяқталғаннан кейiн бiраз iнi-қарындас сұрап жатыр. «Қайда түссек болады, қай мамандық жақсы, журналистика қалай, журналист болғым келедi» деген секiлдi. Объективтi түрдегi субъективтi ойыммен бөлiсуге рұхсат етiңiздер. Мен үшiн Қазақстанда барлық мамандығы бойынша жақсы оқытатын жалғыз ЖОО-ны бар. Ол әрине, СД… Жоқ. Ол-НУ! Яғни, Елбасы атындағы университет. Басқасын өле қалсаңдарда мойындамаймын. Құрметтi талапкер, болашақ iзденушi(студент), егер шынымен пәтенциялың бар болса, жан-жақты(кругазор) болсаң, шынымен жағдайың жетсе(материялдық тұрғыдан емес, рухани. Себебi, ол жақты маңызды емес, заптырк пен әбетке не iшетiндiгiң немесе жазда қайда демалатындығың, басың болса болды) сол университетке түсiңiздер. Ал ендi жағдайларыңыз бар, бiрақ ол жақта мамандықтарыңыз жоқ болса… Мұнайшы болам десеңiз КаБыТУ-ға барыңыз, АйТишник болам десеңiз бiзге келiңiз(СДУ), заңға барам десеңiз Астанадағы Заң университетiне(КазГю) (вот осы жақта заптырк пен әбетке не iшесiз маңызды болып қалуы мүмкiн. Естiгенiмдi айтып отырмын, өзiм көрмедiм), БиоТех, мұғалiм десеңiз ұлттық университет(КазГУ), медицина десеңiз Қарағанды мен Ақтөбе жақсы вариант(Асфендияров жайлы жайлы әңгiме естiмедiм), тех десеңiз АУЭС, ҚазҰТУ-ға түссеңiздер болады. Опшым осылай.

Ал ендi журналистикаға келейiк… Өте қиын мамандық… Журналистика — телебизырдан жарқырап шығу емес. Жарқырап шығу үшiн бiрнеше жердi алдымен жаруың керек, жыртуың керек, төңкерiп, қопаруың керек. Ал ол оңай емес… Журнализмнiң жүгi ауыр, жүгенiн тарту қиын. Әсiресе бұрымдыларға мүлдем(өз ойым). ДедЛайын деген дүние желкелегенде қаншама ми талшықтарыңа қайнаған қан симай жарылып кетуi мүмкiн. Журналист ол-алдыңдағы тұрған монитордағы сөздi оқып беру емес, ұйқысыз монтаж, камера арқалау, жаңалық жазу… солай кете бередi. Айтайын дегенiм «жасыл-қызылға» қызығып, өкiнiп қалмаңыздар. Мен сияқты диагноздарыңыз «ерiншектiк» болса, өмiр қиын… Ал ендi қайда түсемiн десеңiз, «журналистика» бiзде бар. Келiңiз, көрiңiз, ойланыңыз,қараңыз. Бiрақ дұрыс шешiм қабылдаңыз, расымен «журналистика» сiздiкi ме?!

Бiздiкi сол — СДУ. Сүлейман (беликәлепнiй емес) Демирел атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы. Бiр бүйiрiмiз нағыз экономиканың ошағы «Алтын Орда» болса, бiр бүйiрiмiз керемет, жаны жайсаң тұрғындары бар «Алтын ауыл» аумағы. Егер шынымен «Журналистикаға түсем» деп басыңыз кетiп отырса, 2 және 4 Шiлдеде СДУ қабырғасында шығармашылық емтихан(50 ұпай) болады.(5-пән маңызды емес, ҰБТ-дағы тек қазақ тiлiңiз бен тарихыңызға қарайды(50 ұпай). Екi пән + шығармашылықпен конкурсқа кетесiз). Қалып қоймаңыз. Айтпақшы, жазған -түйгендерiңдi ала келiңiздер, пайдасы кәдiмгiдей тиедi. Сонымен қатар, «бiзде мынадай бар, мынадай бар»: Республикалық пәндік олимпиададан 1,2,3 ші орынды және облыстық жарыстардан 1 ші орын дәрежесін иеленген талапкерлер үшін ректор (iшкi уизаут стипендия) гранты бар. БҰТ-тан өту көрсеткiшiңiз 50-ден жоғары болса қиналмай әке-шешеңiздiң грантымен оқи аласыз.
Толық ақпаратты sdu.edu.kz сайтына кіріп біле аласыздар! (Жарнама жаман кеттi-ау деймiн, қайтесiң ендi, өмiр сондай, өзiңдiкiн тықпалап қалу керек.

Маңызды ПыСы: Ораза қабыл болсын!!! Әршашан дұғада болайық!!!
Маңызсыз пЫсЫ: Мерекелерiңiзбен журналистер!!!

4 пікір

Daniyar_Zhanys
Әке-шешеміздің грантымен оқып шықтық қой біз де ))))
AkbotaMusabek
Хе хе хе) «Ұлан» мен «Балдырған», «Айгөлек» пен «Мөлдiр бұлақ» біз де өткен мектеп еді! ХҚТУ-ға түсіп алып, СДУ-ға ауысам деп біраз тыпыршығаным бар, екеуі де бәрібір қазақ-түрік қой деп, сол ХҚТУ-ды тәмамадап шыққанбыз кезінде)))
Orazay
Жарнама жаман кетпеген секілді. Жарайсың кәрдеш.
AlmasNakhypbek
Аман болшы братан! тықпалаған жазуың өтті))

Пікір қалдыру