4 апта жеткілікті

Мынандай бір тақырып қозғағым келіп отыр: көбіміз болды, ертеңнен бастап анадай боламын, арғы күннен бастап өйтемін, бергі күннен сөйтемін деп “өмірін өзгерту туралы декларация” қабылдап, оны мүлдем орындамай жатады? Неге? Өзгеруді жүзеге асыру схемасын жасап, сол бойынша жүріп отырмағаннан! Жасағын жағдайдың өзінде схеманың толық ойластырылмағанынан немесе толық орындалмағанынан. Бүгінгі блоггта схеманы жасаймыз. Арамыздағы недоблоггер-пережурналист бауырым Берікке арналады. Берік? Қабыл ал.

Бұл схеманы өзің қолданып көргеннен кейін басқаларға да үйрететнін кезде “Бейбіт ағамның үйреткен схемасы” деп айтып жүретін боласың. Маған тиісіп отырсың деме, саған ғана емес, барлығына керек дүние. Берік саған айтамын, оқырман сен тыңда:

Бірінші апта. Денені, ойды сөзді тазарту


Бір апта бойы таңғы 6:00 де ояну (одан әрі қарай да алтыда ояну керек, бірақ ол міндет емес, әдет болады). Бұл не береді? Өз өзіңе уақыт табылады. Өзіңе өзің қарайтын уақыт табылмай жүр ғой, мойында? Жұмыс, үй, телефизор, блогтайм, ұйқы? Ал, ұйқыдан тұрың келмеу, жалқаулық деген шаршағаныңның белгісі емес, өміріңді құр өткізгің келетінінің белгісі.
Жеңіл тамақтану. Керемет өзгерістер жасау үшін керемет энергия керек. Ал кейбір адамдардың энергиясы темекі, алкогольдік ішімдіктерден қорғануға кетіп жатады (кетіп жатқан энергияны өзің қолданбайсың, организм қолданады). Бірінің темекісін, бірінің алкогольдік ішімдігін ал бірінің майлы тамақ, тәттіден арылуы керек (әр адамның өз тізімі бар).
Спорт. Ерте тұрғанн кейін жүгіру міндет емес, парыз! (деп мен ойлаймын, ал сіз өз спортыңызды таңдаңыз) Айтудан ешқашан шаршаған емеспін, шаршамаймын: қимыл — өмірдің белгісі, қимылдмайтын адам — өлі адам. Жүгіру, бассейнге бару, спортзалға абонемент алып, бармай қою деген спорттардан бөлек лифт қолданбау, айнаның алдында жәй тұрмай бір билеп алу деген сияқты да “миниспорттың” да түрлері бар.

Екінші апта. қоршаған ортамен істі тазарту.

Қоршаған орта дегенде субботник жасау емес, өз үйің, жұмысың, гаражың деген сияқты жеке, өзің үнемі қолданатын кеңістікті тазарту. Ана жердегіні мына жерге қою, ананы алып лақтырып жіберу, жерде жатқан нәскиді бас киіммен бірге шкафқа тығып жіберу деген сияқты істерсіз. Шын көңілмен, ниетпен толық тазарту. Құлпынай дәмі бар тәтті замечание: егер үйіңізде әйеліңіздің 1998 жылдың 7-мамырында сыйлаған ұстарасы бар болса, немесе басқа да бір қоқыстар жатқан болса, олардан құтылғаныңыз жөн. осыдан көресіз, шынымен кең тыныс алып қаласыз (полды жуып, шаңды сүрсенңіз одан да кең тыныс алып қаласыз).
Шаруалар мен істерді тазарту (міндеттерді де). “Ағылшын тілін игеремін, игеру керек, қол босасын, курсқа жазыламын” немесе “Айлық алсам шешемді бір қуантып, ауылға барып, қолына алтын саламын” деген сияқты өзіңізге, туған-туысқа, дос-жаранға берген уәделеріңіздің тізімін жасап, соларды осы аптада не орындаңыз, неорындамаңыз. “кейін” “қол босағанда” деген вариянттар жоқ. Не бар, не жоқ қылыңыз.
Ортаны тазарту. Ең жақсы көретін ісім. Жоғарыға көтерілсеңіз аяғыңыздан тартатын, депрессияға дейін жеткізіп тастайтын, үнемі сынай беретін, ешқашан сізге көңілі толмайтын адамдармен қарым-қатынасыңызды үзіңіз. Ол адамдармен ортақ ештеңеңіз жоқ, олардан ештеңе үйренбейсіз. Және “жоқ” деп айтуды үйреніп, сондай адамдарға “көрнексіз, тәрбиесіз, оңбаған” болуға бір бір аптаға өзіңізге рұқсат беріңіз. Тек әке-шешеге ғана олай істемеңіз.

Дәл таптыңыз, үшінші апта!
Жоспар, мақсат, мүдде!

Жоспарлар, жазу, оларды орындау.
Алдыңғы аптадан қалған ісіңіз бар ма? Олардың тізімін құрып көріңіз. Оқыңыз. Қалай? Келесі аптаны осы істермен “білекті сыбанып алып” бастауға ынтызарыңызды оятып жатыр ма? Жоқ? Онда тізімнен бір-екі пунктті өшіріп, не өзгертіп алыңыз, тағы қосқыңыз келгенді қосыңыз. Не нәрсе ұнататыныңызды, не бала кезіңізде, жас кезіңізде ұнатқаныңызды еске түсіріп, оны да жазып отырыңыз. Жұмыс пен ақшаға байлынысты да жазыңыз, демалыс пен көңіл көтеруді де ұмытпаңыз. Бәрін жазыңыз. оқысаңыз дәл қазір орындағыңыз келетіндей жоспар жазыңыз. Қағаз сызып болсаңыз, жалғастырайық? Ал енді жоспардың тұсына орындайтын дәл уақытыңызды жазыңыз.
Орындалмайтын армандар тізімі. Енді отырып ешқашан орындалмайтын армандарыңыздыі жазыңыз. Оқығаннан кейін “армандапсың ақ тоқты, қыстың күні қошқарды” деп күлетіндей армандарыңызды жазыңыз. Бірақ жазғанда қолдан келетіндей етіп жазыңыз. Мысалы: “Берік інім маған осы блоггым үшін көлік сыйлайды”деген сияқты. Сенесіз бе? Олар орындалады. Менің осыдан 3 ай бұрын жазған орындалсмайтын арманым орындалып кеткен, қазір оқысам күлкім келеді.
Күнделікті жоспар құру. Күнніге, кешке! Жаттап алыңыз, күнніге кешке ертеңгі күніңізге жоспар құрыңыз. қысқа болса да жоспар. Ертесі күні жоспарыңызды есіңізге алмасаңыз да жоспар бойынша жүрегніңізді байқайсыз. Wаrning! Error! (маңызды дегенім ғой, осылай ма еді, ағылшыншасы) үлкен план жайлы ұмытып кетпеңіз, оған да қарап жүріңіз. Нәтиже бар ма, жоқ па? Бар болса да жоқ болса да сұрақ:Неге?

Төртінші апта. Соңғы штрих

Бүге-шүгесіне дейін барлық істі басқаша жасап көру, басқаша өмір сүріп көру. Жұмысыңызға басқа жолмен барыңыз, әдеттегі орыннан емес, басқа жерден түстеніңіз, спорттың өзіңіз айналысып көрмеген түрімен айналысып көріңіз, өміріңізде істемеген, өзіңізге істеуге рұқсат ете алмаған нәрселерді жасаңыз (лифтте жел жіберу деген сияқты емес енді)
Комфорт зонасынан шығу (қазақшасын білмеймін, бастысы түсініп отырсыз ғой?)
Алдыңғы пункттер де комфорт зонасынан шығудың неподарок түрлері, иә. Бірақ мыналар мүлдем бөлек. Бұл жолы қорқыныштың көзі шұқып, бетіне күлеміз. Парашюттенкіріңіз деп айтпаймын, бірақ: бастығыңыздан қорқасыз ба? Бастығыңызбен “на равных” сөлесіңіз. таныс емес адамдардың тобырынан қорқасыз ба? Клубқа барып қайтыңыз, жалғыз!
Дем алу. Иә! Дем алу! Тек үйде емес, интернетсіз, жалғыз және өзіңізбен (адал және әділ) сұқбат құру. Өзімізге сұрақ қойып, сол сұраққа өз-өзімізді жұбатпай, шын айтып жауап беру.

“Осы айтылғандарды ұдайы жасап отырсаңыздар өміріңізде бәрі жақсы болады” деген сөздерден пафосың иісі шығады, иә? Бірақ шындық — әрдайым пафоспен бірге жүреді.

8 пікір

qonyrbai
Дұрыс айтасыз. Енді жұрт осыны амалға асырса, дұрыс болатын шығар.
Blogsultan_Zhazarbaev
Өзіңіз бастап көрмейсіз бе?
Blogsultan_Zhazarbaev
Данияр, сіздің алдыңғы блогта сұрағаныңызды орындауды бастадыи. пікір қалдыруды ұмытпаңыз
qonyrbai
Менің жағдайым басқаша.
Blogsultan_Zhazarbaev
Жекеге жазсаңыщ көмек бере аламын деп ойлаймын.
RaushanTaupikova
6 да тұру сұмдық мен үшін 7 де әрең тұратын адамға)
Nurbanukamal
Ең қиыны бірінші апта екен
AliyaAkbergen
Тамаша! маган унады…

Пікір қалдыру