Адамның ақылға қонбайтын 10 қасиеті

Әлемде талай қызық бар дейтін тіркес тек ғаламның сыры емес, адамның сырына да қарық бола алмай жатыр. Неге десеңіз мынадай қасиеттер сізде болса, жыларманның біреуі сіз болуыңыз да ықтимал. Сонымен кеттік:

1. Липодистрофия — тері асты майларының болмауы. 59 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Перри кез келген майлы тағамды бас тартпай жей алады. Майлы бәліш, торттар, дессерттер тәрізді калориялы тағамдарды жесе де, бір грамм да салмақ қоспайды. Тері бұлшық етке жабысқаннан адамда жағымсыз сезім пайда болады. Балалық шағында толық болғанымен, 12 жасында түннен азанға арықтап кеткен. Содан бері салмақ қосу Перридегі арманның ең үлкені боп келеді.

2. 24-жастағы Сара Карменде тұрақты жыныс мүшесі қозу синдромы бар. Кез келген прайм-таймдағы көлікте жүру, не болмаса белсебет тебу секілді діріл мен тербелісте ол қозып кетеді. Содан күніне 200 рет оргазмды сезінеді.

Блог - baglankoke: Адамның ақылға қонбайтын 10 қасиеті
3. 48 жастағы даниялық Вим Хоф арктика суында да шомыла алады. Монблан тауына шортымен шығып, мұз камерасында сағаттап отыра береді. Дәрігерлер қанша талпынса да, оның денесінің осы қасиетін түсіндіріп бере алмады. Вимге температура теріс көрсеткен ауа райы ұнайды. Әйткенмен, ондай нөлден төмен температура өзге жұртқа қауіпті екені мәлім.

Блог - baglankoke: Адамның ақылға қонбайтын 10 қасиеті
4. Үш жастағы Ламб Ретт деген шақалақ туғаннан бері көз ілмеген. Иә, иә ұйықтамаған мүлдем. Оның ауруы — Карри синдромы. Баланың миы өзгергені сонша, мидың қатпарлары бұзылған. Жұлын мен ми арасындағы көпір зақымданған. Дәл осы жер адамның сөйлеуіне, тыныс алуына һәм ұйықтауына жауап береді.

Блог - baglankoke: Адамның ақылға қонбайтын 10 қасиеті
5. Мельбурндік Эшли Моррис душ қабылдау немесе ваннаға түсу деген бақыттан айрылған. Бір ғана тамшы су тисе оның денесін аллергия басып кетеді. Дәрігерлердің диагнозына сүйенсек, оның аты сулы қалақай екен. Аталған жайт әлемде өте сирек кездеседі екен.

6. Жасы қырыққа толған Мәри есімді әйел соңғы 25 жылда көргенін ұмытпаған. Ол аз десеңіз, көрген адамдарының қандай кейіпте болғанына дейін айтып бере алады. Айталық, 1987 жылы 1 қазанда дүкенге барғанда, айналасындағы адамдардың қандай киімде, оның түсі қандай болғанына дейін суреттеп айтып бере алады. Көрген нөмірлерді де тізіп беруге қабілетті. Оның ерекше есте сақтау қабілеті ақпарат сақтауда еш мүлт кетпеген екен.

7. 17 жасар Натали Купер болса, әлемдік медицина шеше алмайтын жұмбақ адам. Оның ағзасы Tic-Tac кәмпитінен басқасын қорыта алмайды. Бір күнде ол 900,000 данасын жеп отыруы тиіс.
Блог - baglankoke: Адамның ақылға қонбайтын 10 қасиеті

8. Линкольндік музыкант Крис Сэндс соңғы жиырма жыл бойы ықылықтағаны тоқтамаған. Ұйқыға кетсе де, оның ықылық атқаны тоқтамайды екен. Байғұсқа не дәстүрлі емес медицина, йога, керек десеңіз, гипноз да көмек бере алмапты.

9. Ағылшындық Кэй Андервуд қатты толқығанда, есінен танып қала береді. Мейлі ол қатты күлсін, жыласын, ашулансын, қорықсын бәрінде де ес-түссіз қалады. Кейде күніне 40 рет естен танатын кездер болады екен.

10. Тағы бір британдық қыз Дебби Бердтің жоғарғы жиіліктегі сәулелену мен радиотолқындарға аллергиясы бар. Радио, ұялы сымтетік, қысқа толқынды пеш, сымсыз интернет және сол сияқтылар оның денесін, бет-аузын қышытып, аллергиясын қоздырып жібереді.
Блог - baglankoke: Адамның ақылға қонбайтын 10 қасиеті

Тылсымның таңғажайып сырлары өте көп. Аталмыш он жағдайдың өзін күніміздегі ғылым түсіндіре алмауда. Бәлкім болашақ ұрпақ осы жағдайларды түсіндіріп беруге әлеуетті болуы да ықтимал. Қош, оны уақытында көрерміз.

3 пікір

DinaAbdigalieva
Мәә, естімеген, білмеген дүние жетеді екен.
Gamk
Тик — такты мен тіс пен тас деп түсініп отырмын. )))
SofyaKuat
Алланың қалауы

Пікір қалдыру