Биыл расымен мерейтой ма?

Бізге оқушы кезімізден-ақ тарих парақтарынан Керей мен әз Жәнібек бастаған қазақ хандығы 1465 жылы Шу және Талас өзендерінің жазықтығында құрылды деп санамызға сіңдірді. Алайда бұл сан нұсқаның бірі екені көбіне беймәлім. Ендеше биыл жалпы халық болып 550 жылдығын атап өтпекші мерейтойымыз шынайы дәйекке сәйкес келе ме? Тереңіне үңіліп көрейік.
Арғындар арасында мынадай бір аңыз бар: "өзбек хандығының басшысы Әбілқайырдың жанына жақын екі батыр болған көрінеді. Олар қара-ыпшақ руынан Қобыланды және арғын Дәйірқожа. Екеуінің арасындағы бәсеелестік алғашқысының соңғысын мерт қылумен тынады. Ызаға толы арғындардың Қобыландыны беруді сұрағанынаӘбілхайыр хан келіспейді. Ақыры Керей мен әз Жәнібек бастаған арғын және керейт тайпалары шығысқа қоныс аударады". Жаңа хандықтың саны көбейе келе көшпелі өзбек мемлекеті тұрғындарының 3/1 құрайды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар шығу тегі бойынша Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошыдан тараған даңқты қолбасшының 16-ыншы ұрпағы болып келеді. Осылайша олар Қазақ хандығында өздерінен бастап кейін Кенесарымен аяқталған төрелердің ел билеу үрдісін қалыптастырады. Бірақ олай болмауы да мүмкін емес еді. Себебі айналадағы мемлекеттердің барлығында дерлік моңғол ұлтының ұлы азаматы (әлде қазақ) Шыңғыстың үрім бұтақтары ғана тақ басында тұратын болған. Тағы да бір айта кетерлігі ағалы-інілілер тарихта болмаған басқарушылар «дуэтын» құрды деуге негіз бар. (Орыстар шығарған нәрсе емес.)
Ал енді хандықтың құрылу мезгілі туралы тоқталсақ басты нұсқалар екеу.
Біріншісі — 1456 жыл. Көрнекті шығыстанушы Әлкей Марғұлан <<Қазақ тарихы>> журналына берген сұхбатында (1993 ж. 29-30 беттер) Қыпшақ, Найман, Алшын, Арғын, Қаракесек, Үйсін және Табын бастаған тайпалар Қаратаудан дәл сол жылы өткенінен хабар береді. Сондай ақ танымал археолог ғалым Мадияр Елеуұлының тәуелсіздікке қадам «тышқан» жылының күзінде басталды делінген. Санап қарасақ ол шақ 1456 жылға сайкеліп тұр. Мысалы бұдан бір жыл кейінгі орын алған Әбілхайыр хан мен Темір тайшының арасында орын алған қақтығысқа қазақ хандығының бастауы болған руладың ешқайсысы қатыспапты. Сонымен қатар Мұхтар Мағауин секілді ғалымдар да осы нұсқаға сай пікрлер қалдырып кеткен. Ал ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының жазбасы бойынша дұрысы 1455 жыл. Сондықтан алғашқы нұсқаны 1455-56 жыл аралығы деп те келтіруге болады. Тіпті 2006 һәм 2011 жылдарда мерейтой құрметіне әр түрлі шаралар ұйымдастырылыпты.

Екіншісі — 1465-66. Бұл енді ешқандай зерттеу мен дәледі қажет етпейтін нұсқа. Уикипедияны ақтарып, не кітап қазіргі кітаптарды қопарып ақ көз жетізуге мүмкіндік мол. Оның үстіне жоғары жақтың биыл хандықтың құрылуына 550 жыл деп белгілеу туралы бұйрығы осы нұсқаға заңды күш берді. Мүмкін бұл көршілеріміздің былтырғы осы сөзіне жауап шығар:

Құп делік олай болса. Осындай кезде көрші болу бақыты бұйырмаса да кезіндегі отандастарымыз белорустардан қалай айналмасқа?!

Алғашқы астанамыз қазіргі ОҚО өңіріндегі Созақ болса неге тек Тараз бен Астанада ғана тойлаймыз деген секілді басқа да кереғар пікірлер тууы мүмкін. Әйтеуір арты дау дамайға ұласпаса жарар. Айтпағым, «жуатын» себептерді көбейтпей нақты мерзімге тоқталғанымыз абзал. Олай болса шашылсақ биыл шашылайық. Себебі ертең біздің ұрпағымыз «осылар тәуелсіздікті қашан алды ей» деп жүрсе өзімізге де жақсы емес.
Р.S Иә, қазір аяқтан енді тұрған мемлекет аталсақ та, дүние өтпелі екенін ешкім жоққа шығара алмас. Әйтпесе АҚШ-ың да «держава» бола қалып жаратылған дәнеңесі жоқ. Бастысы бізде жарқын болашаққа негіз бола алатындай мықты тарих бар!

3 пікір

RaushanTaupikova
Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дегені дұрыс нәрсе ме?
Baiterek
Кімге ұнайды дейсіз, дұрыс емес әрине.
RaushanTaupikova
саясатқа әсер етем дегеніміз бекрешілік шығар, дегенмен мына «орыс ағайдың» отырып-отырып бірдеңені айта салғаны ұнамай қалды ғой)

Пікір қалдыру