Қазақстанның қарыз алушылары қарызды банк шотына алуды жөн көреді

Қарыз беруші «Робот Займер» қызметі Бірінші несие бюросымен (БНБ) бірге 2016 жылдың сәуір-қараша айларында қазақстандықтарға онлайн-қарыз алуы және қайтару тәсілдері бойынша зерттеу жүргізді, Республика тұрғындарының 84,0% банк шотына басымдылық берді.

Зерттеуге сәйкес, банк шотына онлайн-қарыз алу 45 жастағы және одан жоғары жастағы қарыз алушылардың арасында анағұрлым танымал – осы жас тобындағы клиенттердің 90,6% осы тәсілді пайдаланады. Транзакцияның осы түрімен бәрінен аз 25-34 жастағы қарыз алушылар қолданады (81,6%). 18-24 жастағы клиенттер қарызды банк шотында 85,6% алады, 25-44 жастағылар — 83,0%.

Банк картасына ақша қаражатын алуды қазақтандықтардың орта есеппен алғанда онлайн-қарыз алушылардың жалпы санынан 16,0% алуды жөн көреді. Сонымен бірге транзакцияның осы түрі 25-34 (18,4%) жасар және 35-44 жасар (17%) онлайн-несиелендіру клиенттерінде анағұрлым танымал. Азырағы – 18-24 (14,4%) жастағы және 45 пен одан жоғары (9,4%) жастағы қарыз алушыларда.

«Біздің көзқарасымызша, интернет-несиелендіру дебет карталарының нарығын дамытуға оң әсерін береді, оның ішінде көптеген банктер бойынша қазір қолма қол ақшаны толтыру және шешіп алу бойынша жеткілікті түрде қолайлы шарттар бар, ал интернет-банкингтер жүйесі 24/7 тәртібінде аударымдар жасауға мүмкіндіктер береді», — деп атап өтті Әсем Нұрғалиева, БНБ бизнесті дамыту жөніндегі директоры.

Салыстырма үшін, Ресей Федерациясында тұратын қарыз алушылар қарыз қаражаттарын банк картасына алуды жөн көреді. Сонымен, 2016 жылдың үшінші тоқсанында 81,7% қарыз транзакцияның тура осы түріне келді, сол уақытта осы мақсаттар үшін өздерінің банк шоттарын пайдалануға барлығы 0,1% ресейлік жөн көрді.

Сондай-ақ сарапшылар қарызды қайтару тәсілі бойынша бөліністі көрсетті. Онлайн-несиелендірудің барлық жастағы категориядағы клиенттерінің 71,0% осы мақсатта банк шотын пайдаланады. Танымалдылығы бойынша екінші орында – терминалдық желі және электрондық QIWI және Касса 24 әмияндары, осы категориядағы көшбасшы қарыз алушылар 25-34 жастағылар (18,5%), ал осы интернет-несиені қайтарудың осы тәсілі 45 жасатн жоғары қарыз алушыларда (13,2%) ең аз талап етілген. Банк картасын бәрінен сирек қолданатындар – орташа есеппен тек барлық қарыздардың 15,0% ғана осы секілді тәсілмен қайтарылады.

«ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінде карта ұстаушылар 14 000 мың қазақстандық болып табылады, бірақ осы секілді көрсеткіштерге қарамастан біз интернет-несиелендіруде картаға қаражатты алуда белсенділікті білдіреді, бұл қарыз алушыларға ақша қаражатын шотқа аударып, сосын өз беттерінше алынған соманың қай бөлігін картаға аударуға, қайсысын шотта қалдыруға, ал қайсысын қолма қол ақшаға айналдыруға ыңғайлырақ болуы әбден мүмкін», — деп «Займер» ЖШС бас директоры Индира Кенасарина түсіндіріп өтті.
Егер де салыстырар болсақ, онда қарызды қайтару аумағында Ресейде банк картасы көшбасшы болып келеді — 85,0% қарыз дәл осы тәсілдің көмегімен төленген. Банк шоттарын пайдалану танымал емес және 2016 жылдың үшінші нәтижелері бойынша 0,03% құрайды.

0 пікір

Пікір қалдыру