35 жастан жоғары Қазақстандық әйелдер онлайн-қарыз алушылардың ең белсенді категориясы болып танылған

Бірінші несие бюросымен бірлесе отырып «Робот Займер» қызметінің мамандарымен жүргізілген зерттеуге сәйкес, онлайн-микро қарызды көбіне 35 жасқа дейінгі ерлер пайдаланатыны анықталған, жас мөлшері жоғары категорияда белсенді пайдаланушылар әйелдер болып табылған.
Нәзік жандылар өкілдерінің үлесіне 2016 жылдың сәуір және қараша кезеңдерінде жалпы рәсімделген қарыздың 40, 49% тиесілі болды, қазақстандықтардың интернет-несиеге қызығушылығы жас көрсеткіштерінің ұлғаюы бойынша өсуде, егер де 18-24 жастағы қарыз алушылар онлайн-қарызды 39, 40% жағдайында рәсімдеген болса, онда 25-34 жастағы категорияда бұл көрсеткіш 43,40% құрады, 35-44 жастағы қарыз алушылардың үлесіне 54% несие тиесілі, ал ең жоғарғы көрсеткіш рәсімделген қарыздар бойынша 45 жастан жоғары әйелдерде байқалған — 62%.

Кері үрдіс ер жынысты қарыз алушыларда байқалуда, жас динамикасында еркек жасының ұлғаюына қарай қызығушылық төмендегені байқалған. Сонымен, мысалы 18-24 жастағы қарыз алушылардың үлесіне рәсімделген қарыздың 60,60% тиесілі, 25-34 жастағы ер кісілердің 56,60% барған, 35-44 жастағылар — 46%, ал 45 жастан жоғары ер кісілер рәсімдеген қарыз үлесі 38% құраған. Сондай-ақ, гендерлік белсенділікте ер адамдардың өкілдері көшбасшылық еткен, олардың үлесіне барлық рәсімделген қарыздың 53,60% тиесілі, бұл әйелдерге қарағанда 7,2%-ға артық.

«Біз осы қызықты үрдіспен байланысты екі себепті болжамдай аламыз: бір жағынан әйелдер бөлігі заманауи технология онлайн-несиелеуді игере бастаған, екінші жағынан – халықтың ерлер бөлігінің 35 жастан кейінгі табысы озық қарқынмен өсіп келеді, ол олардың онлайн-микроқарызды пайдаланудағы қажеттіліктерін төмендетеді» — деп ата өттір «Займер» ЖШС бас директоры Индира Кенесарина.

0 пікір

Пікір қалдыру