Торына баурап, байлап алған - "Ғаламтор"!

21 ғасырды баршамыз дамыған заман дейміз. Технологиялардың шарықтаған кезеңі! Адамзат баласы алға басып, өрлеуде дейміз. Бірақ, бұл алға басқан қадамдар жөнімен басылып жатыр ма? Иә әрине пайдасы мол дүниелер ойлап табылды, адам өмірін жеңілдетіп, жайлы өмір сыйлайтын дүниелер ойлап табылды. Соның ішінде Ғаламтор да бар.

Мынау ғаламтордың Уикипедиядан алынған мағынасы:
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Блог - AsylhanUysinbaev: Торына баурап, байлап алған - Ғаламтор!Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы...
Ал енді өзім ғаламтор сөзінің мағынасын іздестірген едім. Жауабым мынадай болып отыр:
Уақытты зая жұмсап келе жатқан өскелен ұрпақ.
Блог - AsylhanUysinbaev: Торына баурап, байлап алған - Ғаламтор!
Бұрындары үй үлкендері түннің бір уағында есікті ашуға, я болмаса баланы уатуға тұратын. Қазір поштама «сообщение» келдіме деп тұратын болды.
Блог - AsylhanUysinbaev: Торына баурап, байлап алған - Ғаламтор!
Студенттер, балалар ғана емес ересектердің өздері, күніне жоқ дегенде 3 сағат уақытын ғаламторға жұмсайды. Бұл дегеніміз, бізді ғаламтор өзіне тәуелді қылып алды.
Блог - AsylhanUysinbaev: Торына баурап, байлап алған - Ғаламтор!
Бала таза ауамен демалып тысқа шықпайды. Оның орнына пернетақтаны тоқылдатып ойнайды, я болмаса сол ғаламтор көмегімен достарымен сөйлеседі. Кезінде біз (ия қазір біз 19 жасар ұл-қыздар біздің кезімізде деп айта аламыз) үйдегі төрт қабырға қамалған емеспіз, оның орнына далаға шығып ойын ойнап, көңіл көтеретіңбіз. Қазіргінің екі жасар баласы смартфонды қалай қосу керектігін, қалай ойнайтының біледі. Мен екі жасымда құм жейтінмін)))
Блог - AsylhanUysinbaev: Торына баурап, байлап алған - Ғаламтор!
Өміріміз қызық болып келе жатыр. Тысқа шығып жан-жағына қарасан, құммен ойнап жатқан баланы емес, махаббаттары жүректеріне симай келе жатқан екі жасты емес, ұялысына үніліп келе жатқан жастарды көресін. Осыдан төрт жыл бұрын «Менде ұялы телефон бар, мен бәріне кез-келген жерден хабарласа аламын» деп елден ерекшеленген болса. Қазір кітап оқимын деп ерешелене аласын. Құлдырап бара жатыр халқымыз. Арыл ғаламтордан, кәдене жаратта уақытынды жейтін дүниені сырып таста достым!

3 пікір

AlmasNakhypbek
Бәрекелді! Жанашыр аға ретінде өзіңді танытқаныңа өте дән ризамын. Айтқан сөздеріңнің ішінде жалған жоқтығы да рас. Алайда, менің ойым кішкене ерекшелеу екен. ӘРбір нәрсеге 2 жақты қараған дұрыс деп ойлаймын. Пышақты адамдар нан кесуге де, адам өлтіруге де қолданып жатыр. Әрдайым ерік берілгеніндей, әр адам баласы таңдау құқығына ие. Алайда, ата -анамыз кіші кезімізден адам өлтіру жаман нәрсе екенін үйретумен келеді. Сондықтан, шығар халықтың ішінде пышақты адамға жұмсау жат нәрсе. Менің ойымша, сол интернетті де дұрыс жолда пайдалануды үйрету біздің қолымызда! Осы сенімге берік болғанда ғана, біз келер ұрпақты тәрбиелей аламыз деген сенімдемін. Тіпті, осы туралы бір блог арнап жіберсем бе деп жүр едім, енді нақты арнайтыныма сен себепкер болдың! Саған рақмет!
Ғасырлар бұрын, топырағымызға тарихтің иісі сіңіп жатқан уақытта болса керек, бір зейнілғабидин (ғалым) айтқан екен:
«Біз ұрпағымызды өзміздің шағымызға қарай емес, олардың сүретін болашақтарына қарай тәрбиелеуіміз керек.»

Қаласаң да, қаламасаң да, қазіргі жастарды интернет әлемінен шығарып тастай алмайсың. Тіпті, кез келген жастағы адам тастай қоймас осыншама мүмкіншілікті. Керісінше, сол интернет әлемінде қалайша пайдалы нәрселер жасай аламыз. Және қаншалықты жетістіктерге белгілі бір жоспарлермен, тәртіппен жетеміз? Міне, соны ойлау керек сияқтымыз…
Сын ретінде емес, ой бөліс, ми шоғыр ретінде қабылдарсың…
RaushanTaupikova
Дұрыс қой бәрібір.Тамақ ішкенде де, адаммен сөйлескенде де, бір жерге қыдырып барсақ та сол төртбұрыштан бас аламаймыз.Адамның бір-біріне деген құрметі, уақыт бөлуі азайып барады.Түсінеміз, бірақ ештеме жасамаймыз, тырысамыз, бірақ әлемге қарсы тұра алмаймыз.ал осыны түсінбейтіндер қаншама?! кітап оқуды қоя салыңыз, жай адаммен әңгімелесу жоғалып барады ғой((әдеби тілді қойып ауызекі сөйлесу жоғалып барады.Не істеуге болады?Әркім өзі шешеді деп өмір сүріп жатырмыз.(((
AlmasNakhypbek
Шешімді әркім өзі үшін береді, Раушан қарындас. Оны да айта кетейін. Өзгенің ойына салмай, жалпыға топырақ шашпай өз ойымды айтайын. Ресейге түбінде қосылатынын білген қазақ батырлары. Бітіп бара жатырмыз. Еніп бара жатырмыз. Ойбай қазақ тағдыры қалай болады деп дау көтерудің орнына, Ресейге қалайша кірген ыңғайлы, және қалайша кіргенде ұрпақтарымыз тілдерін, діндерін, салтын, дәстүрін, атын сақтап қалады дегенді ойланған. Сол-ақ екен, бірте-бірте Ресей құрамына енумен уақытты ұтып алды. Ол уақыт ішінде көп нәрселер жасалды. Сол секілді, баршаға топырақ шашқанша, сол заманда жүрген біз әрбіріміз сол ауыз екіні жоғалтпау үшін не істеп жүрміз? соны ойлану керек.
Егер сонау Испания жақтан үлкен дауыл тұрса, Қиыр шығыстағы көбелектің талпынып қанат қаққаны сол дауылға төтеп бере алатындай энергия шығара алады екен. Осы сөз төңірегінде ойланып, қанатымызды қаттырақ қағайық!

Пікір қалдыру